30.04.2007, 13:25 6639

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққан адамдардың саны 500-ден асты

СЕМЕЙ. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында маусымның басынан бері кене шаққан адамдардың саны 515-ке жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

"2007-жылдың 28-наурызы мен 26-сәуірі аралығында облыстың емдеу мекемелеріне кене шаққан 515 адам көмек сұрай келген. Соның ішінде эндемиялық қалалар мен аймақтардан 475 адам бар. Олардың 35 проценті немесе 166-сі - 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер",- деп хабарлайды мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен. Департаменттегілердің атап көрсетуінше, қазіргі жағдаймен облыста кене энцефалиті тіркелген жоқ.

Эпидемиолог-дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің 87 проценті иммуноглобулин екпесін алды. "Қалғандары дәрігерге кешігіп келуге байланысты серопрофилактикалық шараға қамтылған жоқ". Мамандардың нақтылауынша, облыстың эндемиялық аумақтарындағы емдеу-профилактикалық мекемелерде кенеге қарсы иммуноглобулин жеткілікті.

Мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен хабарлағанындай, көп жылғы қадағалауға сәйкес, кене шағуы салдарынан зардап шегетіндер ең көп тіркелетін уақыт - мамырдың бірінші және екінші онкүндігі. Метеомониторинг мәліметіне сәйкес, 2007-жылы сәуірдегі орташа айлық температура 2006-жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Бұл кенелер саны мен олардың белсенділігінің артуына әсер етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны