09.04.2009, 17:17 3420

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі аңшылық маусымы басталды

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі аңшылық маусымы басталды

Семей. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында көктемгі аңшылық маусымы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Семей ауданаралық аңшылық қоғамының ақпаратына сәйкес, орман және аң шаруашылығы жөніндегі облыстық аумақтық инспекциясының, облыстық аңшылар мен балықшылардың бірлестігінің бұйрығына сәйкес, облыста Семей ауданаралық аңшылық қоғамына жауаптандырылған аңшылық аумақтарда әуесқой-спорттық аңшылық маусымы ашылады.

Аңшылық маусымы 15 күнге созылады.

"Атап айтсақ, аңшылық маусымы сәуірдің 4 мен 18 аралығында Үржар, Аягөз, Тарбағатай және Көкпекті аудандарында, сәуірдің 11 мен 25 аралығында - Жарма, Абай, Бородулиха, Бесқарағай аудандарында және Семей мәслихатына бағынышты аумақта ашылады", - деп хабарлайды мекеме.

Аңшылар қоғамының хабарлауынша, маусымдық жолдама бойынша 15 күнде 2 үйрек (кежек) пен 3 бұлдырық аулауға болады. Аңшылық жолдама белгілі регламентпен беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны