09.06.2009, 14:47 3469

Шығыс Қазақстан облысында "Нерест-2009" жедел алдын алу шараларының барысында заңсыз балық аулаудың 254 фактісі анықталған

Шығыс Қазақстан облысында "Нерест-2009" жедел алдын алу шараларының барысында заңсыз балық аулаудың 254 фактісі анықталған

Өскемен. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында "Нерест-2009" жедел алдын алу шараларының барысында заңсыз балық аулаудың 254 фактісі анықталған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 20 сәуірі мен 31 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан-Ертіс бассейнінде балық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ету және браконьерліктің жолын кесу бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді.

Бірлескен "Нерест-2009" жедел алдын алу шараларын өткізу жоспары жасалды. Жедел алдын алу шаралары Зыряновск, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Көкпекті, Үржар, Жарма, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан аудандарында, сондай-ақ Семей, Өскемен, Курчатов қалаларында өткізілді, онда жұмыс топтары құрылды, уылдырық шашу орындары мен оларға көшіп-қону жолдарында, ерекше күзетілетін табиғат аумақтарында, бекеттер ұйымдастырылды, су қоймаларына жақын жағалаулар мен жолдар бойынша бірлескен патрульдеулер өткізілді.

Жұмыс барысында облыстағы ішкі істер органдарымен балық инспекциялары, жануарлар әлемін сақтау бойынша жедел жасағымен бірге 320 рейдтік шаралар өткізілді. ІІБ құжатсыз балықтарды тасымалдаудың 2 фактісі, заңсыз балық аулаудың 254 фактісі анықталған, нәтижесінде ұзындығы 28 шақырымдай 280 ау, 27 қайық, 1295,18 кг заңсыз ауланған балық алынды.

Шығын көлемі 1 152 430 теңге, оның ішінен 122 700 теңгесі өндіріп алынған.

Уылдырық шашу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабы бойынша "Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау" жөнінде 2 іс, ҚР Қылмыстық Кодексінің 290- бабы бойынша "Саны аз және жойылу қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды аулау" жөнінде 1 іс қозғалып, сотқа 1 қылмыстық іс жолданды.

Іс-шара барысында МИ-2 тік ұшағымен әуеден патрульдеу оң нәтиже берді. Іс-шара басталғаннан бастап Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларын 9 мәрте, Марқакөл мемлекеттік қорығы аумағына әуеден патрульдеу жүргізіліп, заңсыз балық аулаудың 7 фактісі анықталды және 2 қылмыстық іс қозғалды.

Ауа жастығындағы жүрдек "Марс-700" амфибиялық катерін пайдалану арқылы Бұқтырма су қоймасында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 11 құқық бұзушы ұсталып, олардан 15 ау, 37 кг әртүрлі балық (шортан, судак, лещ) алынды. Құқық бұзушы 4 адамға қатыст әкімшілік материалдар құрастырылып, шешім шығару үшін сотқа жолданды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны