30.03.2007, 10:00 2714

Шығыс Қазақстан облысында ойын бизнесіне тартылған жұмысшыларды қайта оқытып, жұмысқа орналастыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады

ӨСКЕМЕН. 30 наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында ойын бизнесінде жұмыс істеген қызметкерлерді қайта оқытып, жұмысқа орналастыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бұл жөнінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменнің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне түрлі негіздегі 503 жеке кәсіпорыннан жұмыс орындары туралы 2532 арыз түскен , оның 70% жұмысшы мамандығы бойынша, 30% -қызмет саласының мамандығы бойынша. Ұсынылған мамандықтар арасында саудагер-кеңесші, даяшы, кассир және администраторға сұраныс жоғары.

Сонымен қатар, еңбекпен қамту бөлімі қала нарығында сұранысқа ие 22 мамандық бойынша қайта дайындық жүргізуде. Ойын бизнесінде жұмыс істеген жұмысшыларға аспазшы, даяшы, бухгалтер, шаштараз, шағын кәсіпкерлік, саудагер, агент және басқа мамандықтар бойынша қайта оқу ұсынылды.

Қалалық еңбекпен қамту бөліміне хабарласқандарға жұмысқа орналастырумен және кәсіби оқытумен қатар, кеңестік, заңдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны