01.02.2010, 17:46 3551

Шығыс Қазақстан облысында Семейдегі жылыту маусымын үзуге қатысы бар кінәлі тұлғалар жазаланады

Шығыс Қазақстан облысында Семейдегі жылыту маусымын үзуге қатысы бар кінәлі тұлғалар жазаланады

Өскемен. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Семейдегі жылыту маусымын үзуге қатысы бар кінәлі тұлғалар жазаланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының ірі қалаларының бірі - Семейде қиын жағдай қалыптасқан. "Теплокоммунэнерго" кәсіпорны тарапынан қазандықтарда 5 күнге жететіндей ғана көмір қалды деген хабар түсті. Жағар отын алу үшін қосымша 200 млн теңге көлеміндегі қаражат қажет.

Ал жылыту кезеңі басталарда аталмыш мемлекеттік кәсіпорын биылғы маусымға 328 млн теңге бөлу туралы тапсырыс жасаған. Бұл қаражат қыс бойы үздіксіз жылу беру үшін Үкімет резервінен екі транш арқылы берілген еді. "Қалайша мұндай қаржы жылыту маусымының ортасында-ақ толығымен пайдаланылды?" деген заңды сұрақ туындайды.

"Оған нормадан тыс шығындар ма, қаржылық-шаруашылық іс-қызметтегі олқылықтар ма немесе кәсіпорынның сауатсыз менеджменті себеп болды ма деген мәселені арнайы құрылған комиссия анықтайды. Алайда бүгінгі күннің өзінде Семей қаласының басшылығы өзіне қарасты әрі бағынышты коммуналдық кәсіпорынның жұмысын жете бақыламай отыр",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаланың депутаттары қосымша қаражат бөлу туралы өтінішпен облыс басшылығына шықты. Дегенмен, қалалық бюджетте 178 млн теңге көлеміндегі бос қаражат бар. Соны туындаған проблеманы шешу үшін неге пайдаланбасқа? Облыс әкімінің орынбасары Серік Тәукебаевтың айтуынша, Семейдегі қазандықтарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі қалай болғанда да шешіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны