02.04.2018, 16:12 4402

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыныныӊ шығыны 2 млрд. 205 млн теӊгені құрады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тосын судан зардап шеккен семейліктердіӊ үйлерін аралап, өздерімен кездесті. Адами фактор салдарынан болған бұл жағдайды қазіргі таӊда прокуратура тексеріп жатқандығын, барлық шығынды, үйді жөндеу, жарамсыз болса, сатып алу мәселесін мемлекет өз мойнына алатынын жеткізді

Өскемен. 2 сәуір. Kazakhstan Today - ШҚО әкімі Даниал Ахметов тосын судан зардап шеккен семейліктердіӊ үйлерін аралап, өздерімен кездесті. Адами фактор салдарынан болған бұл жағдайды қазіргі таӊда прокуратура тексеріп жатқандығын, барлық шығынды, үйді жөндеу, жарамсыз болса, сатып алу мәселесін мемлекет өз мойнына алатынын жеткізді.

Наурыздыӊ 9-нда басталған табиғаттыӊ тосын мінезімен күрестіӊ шығыны бүгінде Шығыс Қазақстанда 2 млрд. 205 млн теӊгені құрады. Бұған тағы Семейде болған төтенше жағдай қосылды. Жалпы бүгінде бұл шаһарда 300-ге тарта тұрғын және 500-ден аса бау бақша үйлерін су алған. Халых үш қонақ үй мен мектептерге эвакуацияланды. Келтірілген зардап көлемін құрылған арнайы комиссия есептеп жатыр.

Облыс әкімі тікұшақпен апат аумағын айналып өткеннен кейін, алдымен Мирный шағын ауданындағы жағдаймен танысты. Халыққа апаттыӊ орын алу себебін түсіндірді.

- Су қайдан шықты? Шүлбі су қоймасынан ақырғы үш күнніӊ ішінде секундына 1800 куб метрді құраған су келді. Анықталғандай, биыл өткен жылмен салыстырғанда наурыз бойы аталған су қоймадан жіберілетін судыӊ мөлшері анағұрлым төмен болған. Су тола бастаған соӊ, нормадан үш есеге дейін артық көлемді құраған суды жіберген. Оныӊ соӊы Семейдегі төтенше жағдайға алып келді. Су ресурстары комитетініӊ басшысы қазір осында. Барлық әкімшілік шаралар қолданылуда. Кімніӊ ісіндегі салғырттық екені анықталды. Осы мәселемен қазір прокуратура айналысуда, - деді Даниал Ахметов.

Кемежай, Затон аумақтарындағы топан судан зардап шеккен үйлерді тұрғындарымен бірге аймақ басшысы Даниал Ахметов 3 сағат бойы аралады. Ирбіріне жеке-жеке "шығын өтеледі, үй жөнделеді" деп жете түсіндірді. Тілсіз жаудыӊ өтінде қалған Краевая көшесі 38Б үйдіӊ иесі - № 18-мектеп мұғалімі Медет Токтаровтыӊ құрылысы толық бітпеген баспанасына берілер метариалдық көмекке күдігі бар еді. Бірақ, облыс әкімімен кездескеннен кейін бар уайымым сейілді деп отыр.

"Көріп тұрсыздар, көмек көп керек. Облыс әкімі барлық жөндеу жұмысын мемлекет қаржысына жасап береміз деді. Көз алдымда арнайы тапсырма берді. Көӊілім орнына түсті" деген ұстаз ризашылығын білдірді.

Десе де, кей тұрғындар баспаналарын тазалау ісіне асығар емес, оған себеп бағалаушылар келмей ешнәрсеге тиіспеу керек деген алып-қашпа сөз. Бұныӊ рас-өтірігін сұраған осы көшедегі 55 үйдіӊ тұрғыны, үш баланыӊ анасы Бақытгүл Ертаеваға облыс әкімі комиссияныӊ шығынды бағалау жүйесіне оныӊ еш қатысы жоқ екенін айтты.

- Үйді тазалауды бастаӊдар. Комиссия келмей үйге кірмеу керек деген бос сөзді қою керек, - деді Даниал Ахметов қала әкіміне. - Сөз береміз, үйді жөндейміз. Шыққан шығынды толық өтейміз. Бүгіннен бастап комиссия үйді-үйді аралап жүр. Оларға зардап тиген барлық дүние-мүлік тізімін, басқа да шығындарды жеткізу керексіздер. Мен бірер күнде қалаға тағы да келемін.

Осылай әр тұрғынныӊ өтінішіне құлақ асқан аймақ басшысы әкімдік алдында галстук тағып өзін күтіп тұрған депутаттарға белсенді болу керектігін айтты. Расымен, әкіммен бірге халық арасында бұл күні тек бір депутат - Исемхан Досқұжанов қана жүрді. Ол міндетіне Сәтпаев көшесіндегі терезелері сынған үйлерді қалпына келтіру, оған қоса, су алған үйлерге жөндеу жүргізу ісін алды.

"Халық қалаулылары бірінші кезекте халықпен бірге болулары керек" - деген Даниал Ахметов Семей әкімі Ермак Салимовқа қоғаммен бірге етене жұмыс істеуді тапсырды.

Ертеӊнен бастап зардап шеккен үйлерге отын-су, киім-кешек, азық-түлік жеткізу жұмыстары басталады. Жалпы шығынды өтеу үшін қаланыӊ төтенше жағдай қорындағы қаражат пен бүгін облыс әкімі бөлген 70 млн теӊге жұмсалады.

Айта кету керек, ҚР су ресурстары комитетініӊ басшысы Ислам Ибішев халыққа қаладағы Ертіс өзені жағалауларын бекіту жұмысын бастау үшін биыл тамыз айына дейін жобалық-сметалық құжаттамалар дайын болады деп уәдесін берді.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны