23.04.2007, 17:45 3339

Шығыс Қазақстан облысында жылдың басынан бері жол көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар саны 76,2 пайызға өскен

СЕМЕЙ. 23 - сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында жол көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар саны 76,2 пайызға өскен. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 296 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, апаттар салдарынан 74 адам қайтыс болса, 335 адам жараққаттанған. Көлік апаттарының саны өткен жылмен салыстырғанда 19,4 пайызға, ал осы апат салдарынан көз жұмғандардың саны 76,2 пайызға өскен. Жарақаттанғандар саны 20,9 пайызға өсіп отыр.

Баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, соңғы жылдардағы апат және жол-көлік оқиғалары салдарының ауырлығы жүргізушілерді дайындайтын мектептердің дайындық сапасына назар аударуға мәжүбүрлейді. Сонымен қатар, ішкі істер департаментіндегілердің ойынша, бірінші кезекте көлік жүргізушілерін дайындау деңгейіне назар аудару қажет. 2006 жылы көлік құралын жүргізу тәжірибесі бір жылға дейінгілер тарапынан 146 жол-көлік апаты жасалса, үш жылға дейінгі тәжірибелері барлардың жасаған апаты 153 құрап отыр,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихандық жұмыстар бөлімінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесі бойынша, материалдық-техникалық базасының нормативтік талаптарға сай болмауына байланысты бес мектептің іс-қызметі тоқтатылған.

"Жол полициясы кандидаттарды оқытуға қойылған талаптарды қатайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда",- деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер. "Жүргізушілерді оқытатын әрбір мектеп жүргізушілерді оқыту сапасын көтеру мен материалдық-техникалық базасын жетілдіруге қатысты қажетті шараларды қолданбаған жағдайда, оның іс-қызметі тоқтатылатын болады",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны