03.08.2006, 15:27 2975

Шығыс Қазақстан облысының басшылығы Семейдегі сәулет және қала құрылысы ахуалын қатаң сынға алды

СЕМЕЙ. 3 тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының басшылығы Семей активімен кездесуі барысында қала құрылысы мен сәулет ахуалын қатаң сынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сәулет пен құрылысты бақылау департаменті бастығының орынбасары Ержан Тікібаевтың хабарлауынша, бүгінгі таңда Семейде қаланы көркейтуге және жаңартуға кедергі болатын мәселе көп. "Дайындық және құрылыс- монтаж жұмыстары заңнамаға және мемлекеттік нормаларға сай жүргізілмейді, жұмыстар бекітілген тәртіпке сай жобалау құжатынсыз және жоба сараптамасының жоғына қарамастан жүргізіле береді",-дейді департамент қызметкері.

Сондай -ақ , Е.Тікібаев, заң бұзушылықтарға қарамастан пайдалануға берілген нысандар бар, тіпті құрылыс кезінде сапа сертификатысыз бұрын қолданылған материалдар, бұйымдар мен құрылымдарды пайдаланатынын атап өтті.
Егер, 2005-жылы 7 ай ішінде қала құрылысы саласында 2 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл салынса, биыл осы уақыт аралығында бұл сома 10 млн. теңгеге жетті, дейді Е.Тікібаев.

Мұндай сорақылықтың басты себебі, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жер жөніндегі комитет тарапынан қадағалаудың әлсіздігінен деп атап өтті департамен бастығының орынбасары.

Осы жиын барысында, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау қызметі де базарлардағы апатты жағдайларды жою жұмыстарының әлсіздігінен сынға ұшырады.

Аталған кемшіліктерге байланысты, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Мағзам Баяндаров Мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасының бастығы Бағлан Шегедековты тәртіптік жазаға тарту туралы мәселе көтерді, сондай -ақ, қалалық жер жөніндегі басқарма бастығы Мұратхан Мәрденовтың қызметін саралауды тапсырды. Қортындысы бойынша, шенеуіктерді тәртіптік жазаға тарту мәселесін немесе мұндай қызметкерлерді орындарында қалдыру қажет пе, соны шешу керек деді.

Сондай- ақ, ол облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Оранхаевқа он күн ішінде барлық заң бұзушылықтарды жою шараларының жоспарын әзірлеуді тапсырды. "Бір айда барлық кемшіліктер жойылсын, тапсырманы орындамағандар қызметтерінен босатылады",- деді М.Баяндаров.

"Құрылыс саласындағы былықтар мен қаланың біртұтас сәулет көркінің болмауына байланысты қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту үшін департамент сәулет саласында және қала құрылысында қатаң саясат ұстануды көздеп отыр", -дейді Е.Тікібаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны