23.02.2009, 18:02 3039

Шығыс Қазақстан облысының басшылығының өңірдегі ғимараттар құрылысының сапасына көңілі толмайды

Шығыс Қазақстан облысының басшылығының өңірдегі ғимараттар құрылысының сапасына көңілі толмайды

Семей. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының басшылығының өңірдегі ғимараттар құрылысының сапасына көңілі толмайды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің Семейде өткен көшпелі отырысында ШҚО әкімінің орынбасары Александр Ширшов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Былтыр біз "100 мектеп пен 100 аурухана" бағдарламасы бойынша Бесқарағай ауданының Беген ауылындағы мектепті аса төмен сапада пайдалануға бердік. Қалалар мен әкімдердің әкімдерімен бірлесе отырып, алаяқ жобалаушылар мен құрылысшылардың реестрін жасайтын уақыт жеткен секілді. Жылдың бірінші жартысында осындай реестр жасап, облыстың аудандары мен әкімдіктеріне жолдау қажет. Ондай алаяқ жобалаушылар мен құрылысшыларды тіпті ірі жоба жасамақ тұрмақ, ұсақ-түйек жабаларға да тартпау керек", - деп мәлімдеді әкімнің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны