17.01.2007, 18:41 3267

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында 2007 жылы жаңа аурухана салынады

СЕМЕЙ. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында 2007 жылы жаңа аудандық аурухана пайдалануға беріледі. Бұл туралы Бесқарағай аудананың әкімі Оңдасын Баймолдинов хабарлады.

"Жаңа аудандық аурухананың қажеттілігі баяғыдан бері туған. Үш жыл бұрын Бесқарағай ауданына жапондық мамандар келіп, тұрғындар арасында скрининг жүргізген. Ең қорқыныштысы, адамдардың 65 пайызынан денсаулық ақауы анықталған. Бұл бұрынғы полигонның зардабы болар. Сондықтан біз ең заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа аурухана керек деп шешкенбіз",- деді О. Баймолдинов.

Қазір бесқарағайлықтар тексерілу үшін Семейдің диагностикалық орталығына баруға мәжбүр. "Адамдар бірнеше күнді зая кетіреді, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан да тиімсіз. Анализ тапсыру үшін таңертең ерте қаладан шығулары қажет, ал оның жауабын алу үшін бір жерде түнеулері қажет. Дәрігерге қаралуға тағы бір күн кетеді. Сондықтан да, қажетті құрал-жабдықтардың барлығы, менімше, бізде, осында болуға тиіс",- деді Бесқарағай ауданының әкімі.

Қазіргі уақытта Үлкен Владимировка аудан орталығында 20 орынға арналған, ескі кішкентай аурухана жұмыс істеуде. "Өте тар және де барлық үш бөлімше (хирургия, терапевтік және балалар бөлімшелері) бір жерде орналасқан. Өте ыңғайсыз",- деді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрсұлтан Жұмағалиев.

Жаңа аурухана 50 орынға арналған. Оның құрлысына республикалық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2006 жылы басталған, қазіргі уақытта 136 млн. теңге игерілді. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың күзіне жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны