02.04.2014, 20:27 3121

Шығыс Қазақстан облысының этноауылын маусым кезінде жарты миллионнан астам адам тамашалады - Н.Зайцев

"Этноауыл ШҚО аймағында жүзеге асырылған бірегей жоба болып табылады. Онда біз 20-ға жуық этносты жинадық. Бүгінде этноауыл жоғары танымалдылыққа ие және оған жеті айда жарты милионнан астам адам барып қайтты", - деді Н.Зайцев.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысының этноауылына маусым кезінде, дәлірек айтсақ жеті айда жарты милионнан астам адам барып қайтты, деп бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Шығыс Қазақстан облысында өткен көшпелі брифингінде ҚР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық қорық мұражайының директоры Николай Зайцев мәлім етті.

"Этноауыл ШҚО аймағында жүзеге асырылған бірегей жоба болып табылады. Онда біз 20-ға жуық этносты жинадық. Бүгінде этноауыл жоғары танымалдылыққа ие және оған жеті айда жарты милионнан астам адам барып қайтты", - деді Н.Зайцев.

Сонымен қатар, этноауылдың арқасында бір-бірімізді жақыннан тануға, әңгімелесуге және түрлі этностардың мәдениетін білуге мүмкіндік туды.

"Ир сенбі және жексенбі күндері этноауылдың аумағында өңірдің этномәдени бірлестіктері өздерінің фольклорлық ұжымдарын ұсынады. Бізде 4 сахналық алаң мен көлемі 300 м құрайтын конференц-зал бар. Онда кездесулер мен конференциялар және семинарлар өткізіледі", - деді ол.

Бұдан басқа оның айтуынша, этноауылдың аумағында "Шеберлер қаласы" орналасқан.

"Біз Шығыс Қазақстанның шеберлерін бір жерге "Шеберлер қаласына" жинауға тырыстық. Төрт жыл ішінде 100-ге жуық тренингтер өткізіліп, мыңға жуық адамдар жойылып бара жатқан қолөнер түрлеріне үйретілді. Осы ретте айта кетерлік жайт шеберлік сабақтарының тиімділігі жоғары, себебі жыл сайын Өскемендегі қорытынды көрмеде жаңа шеберлер пайда болады", - деп Н. Зайцев атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық қорық мұражайының директоры ата-бабаларымыздан қалған дүниені жалғастыру керек деп есептейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны