12.04.2007, 11:50 3505

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Жәнібек Кәрібжановтың бұйрығымен Катон-Қарағай ауданының әкімі болып Серік Зейнолдин тағайындалды.

Бұған дейін Серік Зейнолдин Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы әкімінің орынбасары болған.

Ауданның атқарушы билігінің жаңа басшысын таныстырған Шығыс Қазақстан облысы әкімі Катон-Қарағай ауданында ауылшаруашылығы мен туризмді дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

"Туристік салаға басымдық беріліп, ол біздің ауданды дамыту локомотивіне айналуға тиіс",- деді Ж.Кәрібжанов. "Бірақ менің бір байқағаным, әзірге бұл тұрғыда қолданылып жатқан шаралар тым әлсіз",- деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны