18.03.2018, 18:34 4839

Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында "Абай" журналыныӊ 100 жылдығына арналған әдеби-тарихи кеш өтті

"Абай" журналыныӊ негізін қалаушы Ж. Аймауытов басылымныӊ алғашқы санында: "Идебиетіміздіӊ негізін салған -Абай. Адамшылық, тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді тереӊ ойлап тексерген де Абай. Ол философ, гуманист, қазақ жазба әдебиетініӊ негізін қалаушы, композитор, ағартушы, қазақтарды оқу мен білімге шақырған ...", - деп жазған екен.

Өскемен. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылы 16 наурызда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында "Болашаққа бағдар - Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Абай" журналыныӊ 100 жылдығына арналған әдеби-тарихи кеш өтті.

Кеш қонақтары "Абай" журналыныӊ ұжымыныӊ редакторы Мұратбек Оспанов және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетініӊ PhD докторанты, ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарыныӊ тарихын зерттеп жүрген Алтын Ақынбекова және осы оқу орыныныӊ оқытушысы Бакенова Ризагүл. Қ. Мұхамедханов атындағы білім мен мәдениет орталығыныӊ" директоры Дина Мұхамедхан онлайн-байланысқа шықты.

"Абай" журналыныӊ негізін қалаушы Ж. Аймауытов басылымныӊ алғашқы санында: "Идебиетіміздіӊ негізін салған -Абай. Адамшылық, тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді тереӊ ойлап тексерген де Абай. Ол философ, гуманист, қазақ жазба әдебиетініӊ негізін қалаушы, композитор, ағартушы, қазақтарды оқу мен білімге шақырған ...", - деп жазған екен. Сонымен, қазақ халқыныӊ әдеби, мәдени өміріндегі Абайдыӊ рольі айқындалып, журналды "Абай" деп атаған.

Тәуелсіздік алдындағы кезеӊде, яғни 1992 жылы абайтану ғылымыныӊ негізін салушы, текстолог, М. Иуезовтыӊ үзеӊгілес інісі -Қайым Мұхамедханов әріптесі Рысхан Мусинмен бірлесе отырып, "Абай" журналын қайта жаӊғырту туралы бастама көтерген.

Ұзақ уақыт бойы "Абай" журналыныӊ 11саны ғана жарық көрді деген пікірлер қалыптасқан. Ал өткен жылы Алматыдағы М. О. Иуезов атындағы мұражай үйінен "Абай" журналыныӊ 12-саны табылды. "Абай" журналыныӊ 12-саныныӊ толық нұсқасын тапқан ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдарыныӊ тарихын зерттеп жүрген Алтын Ақынбекова осы туралы айтып береді.

Пушкин атындағы кітапхана пайдаланушылар назарына екі тілді республикалық "Абай" журналыныӊ 1992 жылдан бергі электронды нұсқасын "Біздіӊ Абай" электронды кітапханасында ұсынады. (http://abai.pushkinlibrary.kz).

Іс-шараға оқытушылар - филологтар, тарихшылар, студенттер, мұражай, мұрағат, кітапхана қызметкерлері, ақын-жазушылар, журналистер қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны