26.02.2015, 00:01 4286

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап 2015 жылғы міндеттерін айқындады

Көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы еліміздіӊ шығысында байланыс және телекоммуникация саласын дамыту мен жетілдіруге өз үлесін қосып келеді. Осындай қомақты нәтижелерге таӊдаулы технология құрылымдарын, байланыс жүйелерін үнемі жетілдіру, абоненттер сол секілді ұжым мүшелері үшін қолайлы жағдайларды жасау арқылы қол жеткізілді.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен күні Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы 2014 жылғы жұмыстарын қорытындылап 2015 жылғы міндеттерін белгіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы еліміздіӊ шығысында байланыс және телекоммуникация саласын дамыту мен жетілдіруге өз үлесін қосып келеді. Осындай қомақты нәтижелерге таӊдаулы технология құрылымдарын, байланыс жүйелерін үнемі жетілдіру, абоненттер сол секілді ұжым мүшелері үшін қолайлы жағдайларды жасау арқылы қол жеткізілді.

Облыс тұрғындарын заманауи байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету үшін облыстық дирекция Қазақстан Республикасыныӊ стратегиялық даму мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысады.

Қазіргі уақытта Көкпекті, Самар, Үлкен Нарын, Күршім, Ақсуат, Үржар, Ақжар, Мақаншы, Бесқарағай, Бородулиха, Қалбатау ауылдарына, Глубокое, Қ. Қайсенов кенттеріне, Риддер, Зырян, Зайсан, Шемонаиха, Аягөз қалаларына дейін талшықты оптикалық байланыс желіжолы (ТОБЖ) салу ойдағыдай аяқталды.

2014 жылы жалпы ұзындығы 333 км құрайтын "Өскемен - Таврия", "Семей - Шүлбі", "Семей -Курчатов", "Қалбатау - Шар" бағытында аймақішілік ТОБЖ салынды. Сондай-ақ алғаш рет заманауи NGN цифрлық технологиясы Шүлбі, Шуақ (Солнечный) кенттері мен Үржар ауылына жетті. NGN технологиясыныӊ дамуына ТОБЖ салу арқылы тасымалдау желісін жаӊғырту оӊ нәтижелерін беріп отыр.

2015 жылы "Семей-Қараул", "Шар-Иуезов" бағыттарына ТОБЖ құрылысын бастау жоспарланған. 2015 жылдыӊ аяғына дейін ШҚО барлық аудандық орталықтарына аймақішілік оптикалық желі құрылысын салу аяқталады. Жалпы 1700 км астам байланыс желіжолын салынатын болады.

2008 жылдан бастап CDMA/EVDO сымсыз қатынау желісініӊ негізінде ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілерін жаӊғырту және дамыту шеӊберінде облыстыӊ барлық аудандарында 88 базалық станса пайдаланымға енгізілген, соныӊ ішінде "EVDO" технологиясын 79 базалық станса қабылдайды. 2014 жылы Ақшаулы, Емелтау, Маралды, Жезкент ТКК, Усть-Таловка ТКК, Белоусовка ТКК, Күшім АТС, Шемонаиха АТС, Риддер РТС, Берел РТС 10 базалық станса орнатылды. Базалық стансалардыӊ қамту аймағына 12 ауыл кірді. Бұл облыстыӊ қатынау мүмкіндігі күрделі, шалғай әрі аз қоныстанған өӊірлерді қоса алғанда ауылдық елді мекендерді телефондандыру мен интернетке қатынау деӊгейін ұлғайтады.

2014 жылы алғаш рет Шығыс Қазақстанда биіктігі 60 метрлік антенна-діӊгекті құрылғы Жарма ауданы Еӊірекей ауылыныӊ жанында бой көтерді. Абай ауданыныӊ орталығы Қараул ауылына цифрлы РРЖ салу аяқталды. Осы жаӊа технологиялар арқасында Жарма мен Абай аудандарындағы шалғай ауыл тұрғындары телефония, Интернетке кеӊ жолақты қатынау қызметтеріне қосылу мүмкіндігін алды.

Осы күні өӊірде 763 ауылдық елді мекен телефондандырылған, 467-сі (61%) Интернетке кеӊ жолақты қатынау қызметімен қамтылған.

Сонымен қатар облыс орталығы мен Семей қаласында көп қабатты үйлерге оптикалық желілерді тарту аяқталып, жоба шеӊберінде Өскемен қаласында - 1243, Семей қаласында 680, жалпы 1923 көп қабатты тұрғын үй осы технологияға қосылу мүмкіндігіне ие болды. "FTTH" технологиясы бойынша Семей қаласында көп қабатты үйлерге оптикалық желілерді тарту жобасыныӊ аяқталуына орай 2014 жылдыӊ соӊында қаланы 100% цифрлық форматқа көшіруге қол жетті. Қоғамдық жерлерде Интернет желісіне қатынауды ұйымдастыру мақсатында Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларында Wi-Fi технологиясы базасында 60 аса қатынау орындары ашылған.

2015 жылы Өскемен және Семей қалаларында телекоммуникация желілерінде GPON технологиясын одан әрі дамыту және Зырян, Риддер секілді шағын қалаларда алғаш рет FTTH оптикалық желілерін енгізу жоспарланған.

2013-2014 жылдары Өскемен, Семей, Риддер қалаларында 266 LTE базалық станса іске қосылды, бұл өз кезегінде осы қалалардыӊ шалғай аудандарына заманауи қызметтерді ұсынуға мүмкіндік бермек.

01.01.2015 ж. жағдай бойынша 38 мыӊнан астам абонент "iD Net", облыстыӊ 20 мыӊнан аса тұрғыны "iD TV" қызметтерін пайдаланса, 7 мыӊнан астам адам "iD Phone" қызметіне қосылған.

2014 жылдыӊ қазанынан бастап облыстық дирекция ұжымы облыс орталығыныӊ тұрғындарына жаӊа қызмет түрі бір SIM-картада екі нөмірді (қалалық+ұтқыр) біріктірген Имбебап нөмір және 4G жоғары жылдамдықты Интернетті белсенді енгізуде және алға жылжытуда. Қызметті пайдаланушылар оны қосу арқылы отбасы бюджетін үнемдеуге мүмкіндік алды.

Қызметтер саласындағы жаӊа бағыттардыӊ бірі ақпаратты-коммуникациялық технологиялар қызметтері болып табылды. Жаӊашыл қызметтіӊ ерекшелігі даму, жобаларды қолдау, күрделілік деӊгейі әртүрлі бизнес-үдерістерде ресурстарды үнемдеу және Интернеттегі аудиторияны қамту көлемі бойынша кешенді технологиялық міндеттерді шеше алмақ. Ұсынылатын қызметтер бизнесті дамыту барысында материалдық ресурстарды үнемдеуге және әрекеттегі үдерістерді жаӊғыртуға жағдай жасайды.

"Қазақтелеком" АҚ қоғаммен байланыс қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны