06.06.2008, 12:33 3446

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында далалық өрт шықты

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында далалық өрт шықты

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысында далалық өрт шықты, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысының Кривинка кентінен 10 шақырым жерде 4 маусымда 16 сағат 10 минутта 180 гектар өртке оранды. Сондай-ақ, 4 маусымда 23 сағат 59 минутта Қарағанды облысының Шұбарқұдық елдімекенінен 11 шақырым жерде жатқан 200 гектар аймағында өрт шықты. Өрт көздері ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметтерімен ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны