25.05.2012, 13:07 3250

Шығыс Қазақстанда теректердің мамықтары өртенуде

"Терек мамығы Өскемен қаласын басып қалды. Осы кезеңде отты абайсыз пайдаланудың кез келген фактісі, тіпті темекі тұқылын немесе сіреңкені дұрыс өшірмей тастай салу орны толмас өкінішке алып келуі мүмкін. Өйткені көшелердегі мамықтар сәл ұшқыннан тұтанғалы тұр. Осындай мамықтардың өртенуіне байланысты облыстың өрт сөндірушілері күніне 30 ретке дейін шақыруларға шығатын кезі болады", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Өскемен. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда теректердің мамықтары өртенуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер күніне отызға тарта терек мамығының өртенуін сөндіруге аттанады.

"Терек мамығы Өскемен қаласын басып қалды. Осы кезеңде отты абайсыз пайдаланудың кез келген фактісі, тіпті темекі тұқылын немесе сіреңкені дұрыс өшірмей тастай салу орны толмас өкінішке алып келуі мүмкін. Өйткені көшелердегі мамықтар сәл ұшқыннан тұтанғалы тұр. Осындай мамықтардың өртенуіне байланысты облыстың өрт сөндірушілері күніне 30 ретке дейін шақыруларға шығатын кезі болады", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

"Өрт сөндірушілер қала тұрғындары мен қонақтарынан көшелер мен аулаларға жиналып қалған мамықтарға от тигізбеуге шақырып, үндеулер жолдауда. Бірақ мұндай шаралардан әзірге көмек аз болып тұр", - деп түйіндейді ведомстваның қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны