16.08.2007, 17:05 3185

Шығыс Қазақстанда жаңа ауыл мектебінің іргетасын қалау рәсімі өтті

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының Беген ауылында жаңа жалпы білім беретін орта мектептің іргетасы қаланды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16 - тамыз. СЕМЕЙ. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының Беген ауылында жаңа жалпы білім беретін орта мектептің іргетасын қалау салтанаты өтті, деп агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық білім департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мектеп құрылысы ел президентінің жолдауы аясындағы "Мемлекет пен жеке меншік саланың серіктестігі негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын жүзеге асыру мақсатында іске асырылып жатыр.

Жаңа мектеп 360 орынға есептелген. Оның құрылысына 362 млн теңге бөлінген, 2007 жылы оның 92,8 млн теңгесін игеру жоспарланған. Мектеп дербес жылыту жүйесімен және су құбырымен, заманауи құрал-жабдықтармен, асхана, спорт зал, кітапханамен жабдықталады. Құрылысты 2008 жылдың 1-қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда.

Баспасөз қызметінен атап өткендей, қазірде ауыл балалары 1978 жылы салынған мектепте дәріс алуда. Техникалық сараптама нәтижесі бойынша мектеп ғимараты апаттық жағдайда және де одан әрі пайдалануға жарамсыз деп танылған болатын. Қазіргі уақытта Беген аулында мектеп жасында 340-тан астам бала бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны