15.08.2008, 09:55 1341

"Шығысэнерготрейд" кәсіпорында қаражаттың жетіспеушілігінен несиелік қарызды жабудың қиын екендігін мәлімдеуде

"Шығысэнерготрейд" кәсіпорында қаражаттың жетіспеушілігінен несиелік қарызды жабудың қиын екендігін мәлімдеуде

Өскемен. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС кәсіпорында қаражаттың жетіспеушілігінен несиелік қарызды жабудың қиын екендігін мәлімдеуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығысэнерготрейдтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда электр қуатын облысқа тұрақты жеткізуді кепілдендіру үшін кәсіпорынға қалыптасқан несиелік қарызын жабуы керек. Ол ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті ұсынған электр қуатын тасымалдау бағасы бойынша қаражаттың болмауына байланысты мүмкін болмай тұр, деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, департамент "Шығысэнерготрейд" ЖШС электр қуатының бағасын мәлім етілген 32,5 пайыздан 4,8 пайызға ғана өсірген. Халық үшін белгіленген баға кВт-сағатына қосымша құн салығын есептемегенде 4,53 теңгеге тең болды. Компания 5,73 теңгеге ұсыныс жолдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны