06.05.2009, 12:51 2941

Шымкент әкімдігі мектептердің жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына 86 млн теңге бөлді

Шымкент әкімдігі мектептердің жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына 86 млн теңге бөлді

Шымкент. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент әкімдігі мектептердің жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына 86 млн теңге бөлді. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімінің бастығы Қайрат Сүгірбеков журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Білім беру бөлімі бастығының айтуынша, бұл қаржыға тендер бойынша бояу, әк және эмульсия сатып алып, мектептерге таратылады. Алайда, жұмысшылардың қызметіне қаражат жетпей отыр.

Қалалық білім беру бөлімінің қарамағында 85 мектеп бар. 2008 жылғы қыркүйек айындағы жағдаймен мектептерде 94 мың 343 оқушы, екі кешкі мектепте - 1 мың 197 оқушы оқыған. 83 мектептің 69-ы - орта , 6 - негізгі, 8 - бастауыш мектеп-балабақшалар. 26 мектепте сабақ қазақ тілінде, екі мектепте - орыс тілінде, 55 мектепте - орыс және қазақ тілдерінде, бір мектепте - өзбек тілінде жүргізіледі.

5 мектеп бір ауысымда, 62 мектеп - екі ауысымда, 13 мектеп -үш ауысымда оқиды.

Шымкентте жаңа үлгідегі 17 мектеп бар : 12 мектеп-гимназия, 1 лицей, 4 мектеп-лицейлер. Бес мектепте сынақ алаңдары бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны