08.01.2016, 10:07 4343

Шымкент әуежайында түнеп шыққан жүзден астам жолаушы тіркеуден өтуде

Естеріӊізде болса, кеше кешқұрым "Өскемен-Алматы" бағытында ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясыныӊ ұшағы ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты Шымкентке қонған еді.

Шымкент. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Осымен екінші рет тексеруден өткен азаматтар бұл жолы діттеген жерлеріне жетеміз деген үмітте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Естеріӊізде болса, кеше кешқұрым "Өскемен-Алматы" бағытында ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясыныӊ ұшағы ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты Шымкентке қонған еді. Иуе компаниясы өкілдерініӊ мәлімдеуінше, бұған қалыӊ тұман себеп болған. Алматы халықаралық әуежайындағылар бұл ұшақ ауа райыныӊ қолайсыздығына байланысты сол күні жерге қона алмаған алғашқы лайнер екенін мәлімдеген, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Дулат Буканов, жолаушы:

- Өскеменнен сағат 16:45-те ұшып шықтық. Үш сағат ұштық. Шымкентке 19:30-да келдік. Содан бері отырмыз. Тамақ берген жоқ. Бізге қонақүй де бермеді. 100-ден астам адам әуежайда жаттық.

Бүгін таӊертеӊ "Шымкенттен-Алматыға" қатынайтын ұшақтар ұша бастады. Кешелі бері кешеуілдеп жатқан "Өскемен-Алматы" бағытындағы ұшақ та бірер сағатта Алматы әуежайына қонуы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны