27.07.2018, 16:42 4305

Шымкент қаласы Ил-Фараби ауданыныӊ полицейлері халық алдында есеп берді

Көші - қон қызметі бөлімшесімен есептік мерзімде жедел - сауықтыру және күнделікті жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасыныӊ Көші -қон заӊдылығын өрескел бұзған барлығы - 61 шетелдік сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылған. Жалпы салынған 2 122 000 теӊге айыппұлдыӊ барлығы мемлекет қазынасына өндірілген.

Шымкент. 27 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 26 шілде күні Шымкент ҚІІБ Ил-Фараби полиция бөлімініӊ а.ж. 6 айы көлемінде атқарған жедел - қызметтік жұмыстарыныӊ қорытындысы және халыққа есеп беру жиналысы болып өтті.

Жиынға Ил-Фараби ауданыныӊ әкімі Ғ.Мәуленқұлов, Шымкент қ. ІІД бастығыныӊ орынбасары полиция полковнигі С.Абдуллаев, Ил-Фараби полиция бөлімініӊ жеке құрамы мен қоғам белсенділері, сондай -ақ жергілікті тұрғындар қатысты.

2018 жылдыӊ 6 айы көлемінде Шымкент қ. Ил-Фараби ауданында орын алған құқықбұзушылықтар саны былтырғы жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 15-9 пайызға төмендеген. Соныӊ ішінде ауыр қылмыстар - 25,0, тонау қылмыстары - 24,4, бұзақылық - 9,7, ұрлық қылмыстары -18,2, пәтер ұрлықтары - 16,7 пайызға азайған.

Есеп беру мерзімінде қылмыстардыӊ ашылу көрсеткіші жақсарған, яғни аса ауыр және ауыр қылмыстардыӊ ашылуы 100 пайызды құраған.

Есірткі заттарыныӊ заӊсыз айналымыныӊ жолын кесу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 23 дерек анықталған. Соныӊ ішінде есірткі сатудыӊ 17 дерегі әшкереленген.

2018 жылдыӊ 6 айында Жергілікті полиция өкілдерімен жалпы 5316 әкімшілік хаттама толтырылып, 19 631 000 теӊге көлемінде айыппұл салынған. Ал оныӊ 11 880 000 теӊгесі мемлекеттік бюджетке өндірілген.

Көші - қон қызметі бөлімшесімен есептік мерзімде жедел - сауықтыру және күнделікті жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасыныӊ Көші -қон заӊдылығын өрескел бұзған барлығы - 61 шетелдік сот шешімімен ҚР аумағынан шығарылған. Жалпы салынған 2 122 000 теӊге айыппұлдыӊ барлығы мемлекет қазынасына өндірілген.

Жиында халыққа осылай деп есеп берген Ил -Фараби полиция бөлімініӊ бастығы полиция полковнигі Сейітжомарт Сейітхан жиналған халықтыӊ көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, халықты мазалаған мәселелердіӊ ешбірі де жауапсыз қалмайтынын баса айтты.

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны