17.09.2016, 13:54 8920

Шымкент қаласындағы Жастардыӊ уақытын тиімді ұйымдастыру орталығында 24 үйірме оқушыларға есігін айқара ашты

Бұл орталықтыӊ негізі 40 жыл бұрын қаланған. 2012 жылы Жастардыӊ уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы болып қайта құрылып, 24 үйірме оқушыларға есігін айқара ашты.

Шымкент. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент қаласы білім бөлімініӊ Жастардыӊ уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы ата-аналар мен оқушыларға жаӊа оқу жылыныӊ басталуына орай "Ашық есік" күнін өткізіп, үйірме жұмыстарымен таныстырды. Үйірмеге қатысушылардыӊ қолынан шыққан киізден, ағаштан, моншақтан, жасалған түрлі қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл орталықтыӊ негізі 40 жыл бұрын қаланған. 2012 жылы Жастардыӊ уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы болып қайта құрылып, 24 үйірме оқушыларға есігін айқара ашты. Ал бүгінде "Пифагор", "Жас өлкетанушы", "Жас химик", "Архимед", "Автоәуесқой", эстрадалық вокал, "Былғары шебері", "Ағаш ою", шығыс жекпе-жегі, еркін күрес сынды 40 үйірмеге 3300-ден астам оқушы қатысып, шеберліктерін шыӊдап жүр", - дейді орталықтыӊ бұқаралық бөлім меӊгерушісі Нағима Исіл.

Үсен Төлебаев №79 мектептіӊ 9-сынып оқушысы. Үш жылдан бері орталыққа келіп, "Ағаш ою" үйірмесіне қатысып жүр. Оныӊ қолынан шыққан түрлі ағаш бұйымдары қалалық, облыстық көрмелердіӊ көркін келтіріп, жеӊіс те сыйлады

"Сабақтан бос уақытымда осы орталыққа қарай асығамын. Өйткені, мұнда қызығушылығы, көзқарасы, тіпті арман-тілегі ортақ достарым көп. Бұдан бұрын "Компьютер әлемі", "Компьютерлік графика" үйірмесіне, футболға қатыстым. Сосын осы "Ағаш ою" үйірмесіне жазылдым. Ағаш жонып, одан түрлі заттар жасаған ұнайды. Жетекшіміз Нұрдәулет Қаныбеков ағайдыӊ арқасында ағаштан ою ойып, талай туындыны жасауды үйрендік. Іні-қарындастарыма ойыншық ұшақ, кеме жасап бердім. Мерекелерде де туыстарыма, достарыма өзімніӊ қолымнан шыққан бұйымдарды сыйлаймын", - дейді Үсен.

Шәкірттерге 60 ұстаз қосымша білім беріп, бар білгенін жалықпай үйретеді. Өткен оқу жылында үйірмеге қатысушылар түрлі салада республикалық, халықаралық сайыстарда топ жарып, намысты қолдан бермеді. Айталық, "Арулар" би ансамблі республикалық "Балауса жұлдыздар", "Жұлдызға жол", тағы басқа сайыстарда топ жарса, "Жас қаламгер" үйірмесініӊ оқушылары Алуа Мұхтар мен Имзе Нұржас Атырау қаласында өткен республикалық "Ақ көгершін" фестивалінде жүлделі І орынға ие болды. Бұдан бөлек, спорттық жарыстан жүлделі оралған жасөспірім қаншама.

Орталық ұстаздары қаладағы мектеп оқушыларын өнердіӊ, спорттыӊ сан қырынан хабардар болып, уақыттарын тиімді пайдалану үшін түрлі үйірмеге қатысуға шақырады. Дәрістер тегін жүргізіледі. Мекен-жайы: И.Жангелдин көшесі, 17 үй, Байланыс телефоны: 56-05-90.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны