10.08.2015, 18:52 3769

Шымкент пен Тараз тұрғындары Тәжікстанда болған жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісініӊ энергетикалық санаты - 13.9. MPV магнитудасы - 6.6. Тереӊдігі - 120 шақырым.

Астана. 10 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Тәжікстанда болған жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР БҒМ ҒК СТИЭ" ММ сейсмикалық станса желісініӊ ақпаратынша, 2015 жылы 10 тамызда Алматы уақытымен сағат 16:05:31 жер дүмпуі тіркелді, оныӊ ошағы Алматы қаласынан оӊтүстік-батысқа қарай 826 км жерде Тәжікстан аумағында болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Жер сілкінісініӊ энергетикалық санаты - 13.9. MPV магнитудасы - 6.6. Тереӊдігі - 120 шақырым.

Сезілу туралы мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша): Шымкент қ., Тараз қ. - 2 балл", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны