28.05.2008, 14:54 2479

Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі уақытша тоқтатылды

Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі уақытша тоқтатылды

Шымкент. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытай үкіметі елден шығатын дербес визаларын беруді тоқтатқанына байланысты Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі жаздың аяғына дейін ұшырылмайды. Бұл туралы агенттік тілшісіне SCAT ұшақ компаниясының төрағасы Николай Буряков хабарлады.

"Қытай үкіметі Олимпиада ойындарына дайындық жасауға байланысты елден шығу дербес визаларын беруді тоқтатты. Визалар тек топтарға беріледі, сондықтан Шымкент - Үрімжі ұшақ рейсі тамыз айына дейін тоқтатылды ", -деп хабарлады Н. Буряков.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы жылдың сәуір айының басында Шымкенттен Үрімжіге бірінші рет ұшатын рейстің тұсаукесер салтанаты өтіп , Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына бірінші рет Қытайға тікелей жетуге мүмкіндік берілді. ЯК-42 ұшағы аптасына бір рет ұшады. Рейстің негізгі жолаушылары кәсіпкерлер, бірлескен кәсіпорындар қызметкерлері болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны