30.11.2016, 15:08 6532

Шымкентте 2016 жылы аулаларды абаттандыру жұмыстарына 1,1 млд теӊге қаржы қарастырылды

Шымкенттіӊ аулалары Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай жарықтандырумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды қала әкімі аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 30 қараша. Kazakhstan Today - Шымкенттіӊ аулалары Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына орай жарықтандырумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды қала әкімі аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Шымкент қаласында кеӊ ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таӊда, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердіӊ 1020 ауласыныӊ 829 ауласында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстармен қатар көпқабатты ғимараттар аумағында жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осы жылы қала аумағындағы 334 үйдіӊ ауласына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, өткен жылы 75 үй (50,0 млн. теӊге), сондай-ақ, осы жылы (443.4 млн теӊге) 686 көпқабатты тұрғын үйдіӊ ауласына электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соӊына дейін аулаларды 100 пайыз жарықпен қамту жоспарланып отыр.

Осыған орай, бүгін, өӊір басшысы Жансейіт Tүймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Ибдіраxымов Шымкент қаласындағы тұрғын үйлер аумағында қайта жөндеуден өткен ауланыӊ ашылу салтанатына қатысты.

Биыл, қалада аулаларды абаттандыру жұмыстарына көптеп көӊіл бөлінуде. Осыған орай аудан әкімдіктері тарапынан 80-нен астам ойын алаӊдарын іске қосу жоспарланып, шамамен 1,1 млд теӊге қаржы қаралған. Айта кетерлігі, соӊғы рет аулаларды қайта құру бойынша 2014 жылы қаржы қаралса, биыл бұл жұмыстар қала әкімініӊ тапсырмасымен қайта қолға алынып отыр.

Осы жұмыстармен қатар көпқабатты ғимараттар аумағында жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осы жылы қала аумағындағы 334 үйдіӊ ауласына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтар болсақ, өткен жылы 75 үй (50,0 млн. теӊге), сондай-ақ, осы жылы (443.4 млн теӊге) 686 көпқабатты тұрғын үйдіӊ ауласына электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соӊына дейін аулаларды 100 пайыз жарықпен қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бүгін Шымкентте Тұӊғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Орыс драма театрында Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымовтыӊ қатысуымен Тұӊғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиында қала басшысы барша шымкенттіктерді мерейлі мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиын барысында қала әкімі еселі еӊбегімен танылған бір топ еӊбеккерлерді "Алғыс хатпен" марапаттады.

Бүгінгі күн шын мәнінде, еліміз үшін айтулы күн. ҚР Президентініӊ асқақ беделін бүгінде бүкіл әлем халқы мойындайды. Мереке сәтін айрықша атап өту - ел халқыныӊ өз Президентіне деген құрмет сезімін айқындайды. Осыған орай елімізде 1 желтоқсан Тұӊғыш Президент күні болып белгіленген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны