06.10.2016, 10:04 4495

Шымкентте 2 мыӊ түп ағашты жаӊа техниканыӊ көмегімен "көшіру" жоспарланып отыр

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ "Шымкент дендрологиялық саябағы" МКҚК-на облыста жоқ "Optimal - 1400" ағаш қазып-отырғызу агрегаты сатып алынды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 6 қазан. Kazakhstan Today - Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ "Шымкент дендрологиялық саябағы" МКҚК-на облыста жоқ "Optimal - 1400" ағаш қазып-отырғызу агрегаты сатып алынды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі .

Бұл агрегаттыӊ қылқан жапырақты ағаштардыӊ биіктігі 2 метрден жоғары, ал қалған ағаштардыӊ 4 метрден жоғары жасыл желектерді топырағымен қоса қазып алуға және басқа орынға отырғызуға арналған мүмкіндігі бар. Агрегаттыӊ қазу тереӊдігі 90 см болса, қазатын топырақтыӊ үстіӊгі диаметрі 140 см құрайды. Ал техникалық параметрі бойынша сағатына 3-5 ағашты қазып алып, келесі орынға отырғыза алады.

Қазіргі таӊда, дендрарий саябағында 97 мыӊға жуық жасыл желек жайқалып тұрса, соныӊ бүгінде 7 мыӊы орнынан қайта алмастыруды қажет етеді. Алуан түрлі ағаш түрлерініӊ жалпы аймаққа шашырай орналасып, үлкен аумақта аралас өсуіне байланысты оларды тамашалау ыӊғайсыздық тудыруда.

Сол себепті, ағаштарды класс және түріне қарай шоғырландыру саябаққа келушілерге ағаш түрлерімен толық танысуға жағдай жасауға осы агрегат көп септігін тигізбек. Мамандар биылғы жылдыӊ жоспары бойынша жаӊа жылға дейін 2 мыӊ түп ағашты аталған техниканыӊ көмегімен "көшіруді" жоспарлап отыр.

Осылайша, облыс көлемінде мемлекеттік мекемелердіӊ қажеттілігіне және жеке тұрғындарға ақылы қызмет көрсету арқылы осы күнге дейін құрылыс пен коммуникация жүргізуге кедергі болған ағаштар кесіліп алынған болса, аталмыш машинаныӊ көмегімен ешқандай қиындықсыз басқа орынға көшіру мүмкіндігі туып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны