31.03.2008, 19:40 14943

Шымкентте алғашқы мемлекеттік әзіл-сықақ театры құрылды

Шымкентте алғашқы мемлекеттік әзіл-сықақ театры құрылды

Шымкент. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте танымал сатира театры "Шаншар" негізінде құрылған алғашқы мемлекеттік әзіл-сықақ театрының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Таныстырылымға құрметті қонақтар: халық әртісі Асанәлі Ишімов, Мұхтар Иуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев, әдеби сыншы Ишірбек Сығай, жазушы драматург Дулат Исабеков және т.б. қатысты. Сондай-ақ, өзге де әзіл-сықақ театрларының әртістері келді.

"Шаншар" театры он жылдан астам уақыт бойы өмір сүріп келеді. Бұл ұжым республикада жақсы танымал. Менің ойымша, бұл театр қазіргі әзіл-оспақ театрларынан жұмыс стилімен және деңгейімен ерекшеленеді", - деді агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық мәдениет басқармасының өнер бөлімінің бас маманы Гаухар Төлепова. Жақында бұрын жеке театр болып келген "Шаншар" мемлекеттік мекеме болды. Алғашқы мемлекеттік әзіл-оспақ театрын құру облыс әкімі Нұрғали Ишімовтың қолдауымен өткен. Топ штаты қазіргі сәтте 30 адамнан тұрады. Ұжымды Уәлибек Ибдірайымов басқарады. Театр жұмысына облыстық бюджеттен 13 млн теңге бөлінген.

Театрдың әзірге өз ғимараты жоқ. Сондықтан, облыстық қуыршақ театрымен бір орында жұмыс істеуге мәжбүр. "Айтпақшы, бізде жас көрермендердің де қуыршақ театры болған. Ендігәрі труппаның бір бөлігі, жас көрермендер театры, жаңа театрға көшірілді", - деп түсіндірді Г. Төлепова.

Жаңа театрдың жоспарында әзіл-сықақ шоуларын қою ғана емес, көлемді спектакльдерді де ұйымдастыру бар.

"Жақында қазіргі заманның драматургиялық шығармаларына бәйге жарияланды. Қазір жақсы пьесалар саусақпен санарлық қана ғой. Бәйге қорытындысын тамыз айында шығарамыз. Үздік комедиялар театр сахнасында қойылады", - деп хабарлады таныстырылым барысында мәдениет департаментінің директоры Айдар Ниязов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны