23.09.2016, 10:36 4516

Шымкентте "Алтын сақа" балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

Бүгін Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында "Алтын сақа" балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі өткізілді, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында "Алтын сақа" балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі өткізілді, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімдігініӊ мәдениет басқармасыныӊ басшысы Нұрболат Ахметжанов еӊ алдымен облыс әкімініӊ құттықтауын жеткізді.

Өӊірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль киноиндустрия саласын дамыту, жас буын режиссерларға шығармашылық серпін беру, олардыӊ кәсіби деӊгейін көтеру, әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, көрермендерге ой тастау, балаларға арналған қысқаметражды фильмдер мен анимациялық туындыларды, бейнероликтерді жарыққа шығару мақсатында өткізілді.

Фестивальге республикалық "Балапан" телеарнасыныӊ директоры Ләйлә Сұлтанқызы, Қазақ ұлттық өнер академиясыныӊ доценті, кинотанушы, киносыншы, өнертану ғылымыныӊ кандидаты Гүлнәр Мүрсәлімова, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрыныӊ әртісі Жүсіп Ақшора, "Қазақстан" АҚ ОҚО филиалыныӊ директоры Уәли Қыдыр, "САҚ" киностудиясыныӊ директоры Нұриддин Паттев, клипмейкер, кинорежиссер-оператор Фурхад Саиповтар қазылық етті.

Сонымен, фестивальдіӊ қазылар алқасыныӊ шешімімен Бас жүлде "Қуат" қысқаметражды фильміне (режиссері Нұрбол Абсеметов) бұйырды. І орын "Айсұлу" қысқаметражды фильміне (режиссері Дархан Нұртазаев) және "Түлкі мен қырғауыл" анимациялық фильміне (режиссерлары Дариха Еркінбек, Жұлдыз Өмірқұлова) берілді. ІІ орынға "Қаhарман" қысқаметражды фильмі (режиссері Хамид Мүтәлиев) және "Асар" анимациялық фильмі (режиссері Береке Жүнісов) лайық деп танылды. III орын "Мен қорқамын" қысқаметражды фильмі (режиссері Бақытжан Көшеров) және "Наурыз" анимациялық фильміне (режиссері Оӊласын Бурибеков) берілді.

Сонымен қатар "Өзекті тақырыпты қозғағаны үшін" номинациясымен "Табиғатты аялайық" анимациялық фильмі (режиссері Самат Нұралиев), "Ерекше монтаж жұмысы үшін" номинациясымен "Жылдамдық" әлеуметтік ролигі (режиссері Серік Таласов) және "Ерекше операторлық жұмысы үшін" номинациясымен "Жемқорлық" әлеуметтік ролигініӊ (режиссері Серік Таласов) авторлары марапатталды.

Кинофестивальде жүлде алған осы туындылар 2016 жылдыӊ 5 қазаннан бастап жергілікті және республикалық "Балапан" телеарнасыныӊ эфирінен көрсетіле бастайды. Ал конкурсқа қатысқан барлық фильм 23 қыркүйектен 3 қазанға дейін "Оӊтүстікфильм" мекемесінде, балалар үйлерінде, интернаттарда көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны