30.03.2007, 14:28 3185

Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты жәбірленушілерден жауап алу жалғасуда

ШЫМКЕНТ. 30 -наурыз. Kazakhstan Today. Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сот процессінде жәбірленушілерден жауап алу жалғасуда, олардың жартысына жуығынан жауап алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне жәбірленушінің адвокаты Қатира Бекболова хабарлады.

"78 жәбірленушінің жартысынан дерлік жауап алынды. Олардың барлығы ауруханаға қалай жатқандарын, қандай ем қабылдағандарын айтуда",- деді Қ. Бекболова. Адвокаттың сөздеріне сүйенсек, жәбірленушілер медицина қызметкерлерінің өздеріне немқұрайды және дөрекі қатынасқандарын айтуда.

Айыпталушылар өз кезегінде, жәбірленушілердің айтқан келеңсіз деректерін жоққа шығаруда. "Айыпталушылардың барлығы да емдеу мекемелерінде мұндай жағдайлардың болмағандығын айтып бағуда",- деп хабарлады Қ. Бекболова.

Бірақ, оның пікірінше, жәбірленушілер өз сөздерінде тек шындықты айтуда. "Олардың көздеріне жас ала отырып айтқан сөздеріне қарап, меніңше, олар тек шындықты айтып отыр деуге болады",- деп атап өтті адвокат. Жәбірленушілердің берген жауаптарының ақиқаттығына дәлел ретінде Қ. Бекболова адамдардың айыпталушыларға үлкен көлемде ақша алды деп жала жауып отырмаған айтып өтті. "Олар дәрігерлердің өздерінен 200 теңге, 700 теңге, 1000 теңге алғандықтарын айтуда. Олар өздерінен он мың, жүз доллары алды деп отырған жоқ қой. Бірақ, айыпталушыларға зиян келтіру үшін, олар одан да көп сома айтуларына болар еді",- деп түсіндірді адвокат. Оның сөздеріне сүйенсек, жәбірленушілер бұл ақшаларды медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін төлегендерін айтуда.

"Бірнеше жәбірленушінің ойынша, медициналық құралдар қажетті түрде тазаланбаған. Сонымен қатар, аналар науқас балаларының жаялықтарын жағдайы жасалмаған жерде жууға мәжбүр болғандықтарын айтты",- деп хабарлады адвокат.

Айыпталушыларды қорғаушы өкілдер болса, жәбірленушілердің жауаптарында індеттің аурухана ішінде жұққанын дәлелдейтін дәлелдер жеткіліксіз, деп санайды.

Бұрындары хабарлағанымыздай, 19-қаңтардан бастап Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру ісіне қатысты сот процессі басталған. Айыпталушылардың саны 21, олардың 18-і - медицина қызметкерлері. Қазіргі уақытта сот айыпталушылардан жауап алып, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алуды жалғастыруда. Жәбірленушілерден жауап алатын сот отырысы журналистер үшін жабық түрде өтуде.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 107 бала анықталған, олардың сегізі көз жұмған, және де аталмыш індетті 13 ана жұқтырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны