15.04.2009, 17:42 3107

Шымкентте белгісіз бір әйел ұшақ бортында газ шығып жатыр деген жалған хабар берген

Шымкентте белгісіз бір әйел ұшақ бортында газ шығып жатыр деген жалған хабар берген

Шымкент. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте ұшақ бортында газ шығып жатыр деген жалған хабардың кесірінен Шымкент - Алматы бағытындағы рейс үш сағат кешігіп ұшты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Иуежайдағылардың хабарлауынша, бүгін таңертең Шымкенттен Алматыға бет алған "Боинг" ұшағы ұшар алдында әуежайдың анықтама қызметіне белгісіз бір әйел телефон соғып, ұшақ бортында беймәлім газ шығып жатыр деген хабар берген.

ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік қызметінің агенттікке хабарлауынша, әуежайдан бұл хабар сағат 9.15-те қабылданған.

"Біздің қызметкерлер әуежайға барып, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, дәрігерлер, арнаулы қызметтер секілді барлық басқа да тиісті қызметтермен белгіленген схема бойынша жұмыс істеді. Ақпарат расталмай, сағат 12.10-да жұмыстар аяқталды", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Ұшаққа тексеру жүргізілген кезде жолаушылар сыртқа шығарылды. Тексерулер аяқталған соң жолаушылар өз орындарына отырып, сағат 13.00-де ұшақ Алматыға бет алды. Тәртіп сақшылары жалған хабар берген әйелді іздестіріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны