14.11.2016, 09:48 3620

Шымкентте демалыс орныныӊ құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды

Үстіміздегі жылдыӊ тамыз айында басталған жөндеу жұмыстары қараша айында толығымен аяқталды. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орныныӊ құрылыс-жөндеу жұмыстарыныӊ жалпы сомасы 58,4 млн.теӊгені құрады

Шымкент. 14 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Шымкент қаласыныӊ 17 шағын ауданындағы Жандарбеков көшесі бойындағы гүлзардыӊ ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев және Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қатысты.

Үстіміздегі жылдыӊ тамыз айында басталған жөндеу жұмыстары қараша айында толығымен аяқталды. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орныныӊ құрылыс-жөндеу жұмыстарыныӊ жалпы сомасы 58,4 млн.теӊгені құрады. Жобаны іске асыру аясында жолаяқтарды жөндеу, қалытқылы орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, жарықтандыру бағаналарын орнату, көгал төсеу, ағаштар отырғызу, суару жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрған субұрқақтар қайта жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Іс-шара барысында қосымша 17 қарағай және емен 2 отырғызылды.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы тойлануда.

"Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойын қарсы алуға дайындалуда. Бұл - жылдыӊ еӊ негізгі оқиғасы. Бізге еліміздіӊ барлық жетістігін саралау қажет. Мерейтойлық оқиғаныӊ өзі түсіндіру жұмыстарыныӊ қорытынды кезеӊі болуы тиіс. Біз қол жеткізе алған нақты нәтижелерді әрбір қазақстандықтыӊ сезінгені қажет. Сондай-ақ, болашақ жоспарларды да айқындау маӊызды",- деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентініӊ екінші сессиясыныӊ ашылуында сөйлеген сөзінде.

" Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылында қазақстандықтардыӊ ғұмыр жасы 64-тен 72 жасқа жетті. Бұл республикамыздыӊ басты жетістігі дер едім. 25 жылда біз мектептер, ауруханалар мен жолдар салдық. Үш дағдарысты басымыздан өткердік. Алда да күтіп тұрған қиындықтар аз емес, бірақ мен біздіӊ дана халқымыз бәрін де жеӊіп шығады деп кәміл сенемін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы "Астана" алаӊында Қазақстан халқыныӊ бірлігі күнінде сөйлеген сөзінде.

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы тойлануда. 1991 жылдыӊ 16 желтоқсанында "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік егемендігі туралы" Конституциялық заӊы қабылданды. Егеменді ел ретінде дамыған 25 жылда Қазақстан әлемніӊ барынша дамыған 50 мемлекетініӊ қатарына енді, 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырды, 2050 Стратегиясын, "100 нақты қадам: баршаға арналған заманауи мемлекет" Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады.

Сыртқы саясат саласында Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына, Астана саммитіне, Ислам Конференциясы ұйымына, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына, Азиядағы Өзара ықпалдастық және сенім шаралары ұйымына, Еуразиялық экономикалық одағына төрағалықты сәтті іске асырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны