14.11.2011, 10:53 3653

Шымкентте газ құбырында болған апаттың салдары жойылуда

Шымкент қаласында жекеменшік сектордағы 1830 абонент, көпқабатты тұрғын үйлердегі 420 абонент, сондай-ақ 7 коммуналдық-шаруашылық кәсіпорны: "Дау мед", "Арзу" және "Шухрат" дәмханалары, "Түркістан" мен "Шымқала" тойханалары, "Нимекс, механикалық зауыты" компаниясы газсыз қалды.

Астана. 14-қараша. Kazakhstan Today - Шымкентте газ құбырында болған апаттың салдары жойылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шымкент қаласында жекеменшік сектордағы 1830 абонент, көпқабатты тұрғын үйлердегі 420 абонент, сондай-ақ 7 коммуналдық-шаруашылық кәсіпорны: "Дау мед", "Арзу" және "Шухрат" дәмханалары, "Түркістан" мен "Шымқала" тойханалары, "Нимекс, механикалық зауыты" компаниясы газсыз қалды.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, төтенше жағдай жексенбі күні, Чапаев пен 1 Мамыр көшелерінің қиылысында, экскаватор жермен жұмыс істеуі кезінде диаметрі 125 мм-лік газ құбырын зақымдауынан орын алды.

Газ құбырын қалпына келтірумен "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның апаттық бригадасы айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны