06.12.2006, 18:11 2850

Шымкентте қаланың тарихи орталығына құрылыс салу жобасының тұсаукесері өткізілді

ШЫМКЕНТ. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today. Шымкентте қаланың тарихи орталығына құрылыс салу жобасының тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Shimkent Plaza" жобасына сәйкес, алдағы екі жылда Шымкенттің тарихи орталығындағы әл-Фараби алаңында қазіргі заманғы тұрғын үйлер мен кеңселердің ғимараттары, сондай-ақ, облыстық әкімшіліктің жаңа ғимараты тұрғызылады.

Болашақ кешен негізгі үш бөліктен: "А" тобына жататын кеңселері бар коммерциялық, элиталық пентхаустар мен апартаменттерден тұратын тұрғын үйлер бөлігінен, сондай-ақ, әкімшілік бөліктен құралады. Ең таңдаулы жоба тұжырымдамасын іріктеуге бағытталған халықаралық байқауда АҚШ-тың "Laguarda Low Architects" компаниясы жеңімпаз атанды.

Кеше өткен баспасөз мәслихатында мәлім болғанындай, кешеннің барлық бөліктері сейсмологиялық бекемдікке қатысты халықаралық стандарттарды ескеру негізінде жобалары жасалып салынады. Ал ғимараттар заманауи инфрақұрылыммен, басқаша айтқанда, электр жарығымен қамтамасыз етуші дербес жүйемен, кепілді су беру және орталықтандырылған кондиционер жүйесімен, екі қабатты жер асты паркингтермен, жедел тоқсатылармен қамтамасыз етіледі.

Жобаның болжамдық құны 100 млн. долларға жуық.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев жобаны қаржыландыруға қатысты түсініктемесінде : "бұл жобаға бюджеттен бір тиын да бөлінбейді. Барлық шығындарды инвестор өз мойнына алады",- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны