15.01.2008, 13:42 1830

Шымкентте Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады

Шымкентте Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады

Алматы. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 17 қаңтарда "Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері: республикалық және аймақтық аспектілер" атты дөңгелек үстел өткізіледі.

"Дөңгелек үстелді өткізудегі басты мақсат республикамыздағы жалпы ұлтаралық қарым-қатынастардың қазіргі ахуалын сипаттайтын басты мәселелерді, атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуалды талқылауға саяды", -деп хабарлайды орталықтағылар.

"Альтернатива" орталығының ақпаратына сәйкес, дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде оған қатысушылардың ұлтаралық қарым-қатынастар саласында шиеленістерге жол бермеу және ахуалды жақсартуға қатысты тұжырымдары мен нұсқаулары дайындалуға тиіс.

Орталық пен "Нұр Отан" ХДП-ның Шымкент қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырған дөңгелек үстелге ғылыми зерттеу институттары, сарапшылар қоғамдастығы, саяси партиялар, ұлттық-мәдени ұйымдар, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны