22.12.2006, 17:54 3545

Шымкентте қазіргі заманға сай спорт сарайы салынбақ

ШЫМКЕНТ. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Шымкентте қазіргі заманға сай спорт сарайы салынбақ. Бұл туралы XV Азия ойындарының жүлдегерлерімен кешегі өткен кездесуінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бүгін жаңа жобаны оны жүзеге асыратын инвесторлармен бірге қарадық. Иңгіме құрамына су спортына арналған ғимарат кіретін жаңа спорт сарайының құрылысы туралы болып отыр, яғни онда 50 метрлік олимпиадалық бассейн, 25 метрлік жаттығу бассейні, трамплиннен секіруге арналған бассейн, сонымен қатар қазіргі заманға сай стандарттармен салынған гимнастика залы, жекпе-жекке, бокске арналған залдар қамтылады. Мұның бәрі біз үшін маңызды міндеттердің бірі деп санаймыз, және біз бұған қол жеткіземіз", - деді әкім.

Ө. Шүкеев Оңтүстік Қазақстан облысының спорт саласындағы жетістіктерінің әр уақытта жоғарғы деңгейде екендігін айтып өтті. "Соңғы жылдардағы қаржыландыру мәселесі бойынша туған қиыншылықтарға қарамастан, бізде спорт мектептері сақталып қалды. Сондай-ақ, мен біздің жаттықтырушыларымызға, осы салада жұмыс атқарып жүрген адамдарға осындай қиын-қыстау заманда өз жерлерін тастамай, өз қызметтеріне адал болғандықтары үшін үлкен рақметімді айтамын",- деді ол.

Икімнің сөзіне сүйенсек, бүгін "бәріміз де спортқа бет бұруымыз қажет". "Біз жаңа спорт ғимаратын салуды бастаймыз, бұрынғыларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынып, спортшыларға барлық жағдайды жасаймыз. Тіптен жарыстарға қатысуға байланысты шығындар туралы айтпай-ақ қойса да болады, барлық салаларда қаржыландыру өседі", - деп уәде берді әкім.

Облыс әкімі спортшылармен кездесуінде Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттады. Жеке спорт түрлері бойынша алтын медаль иеленген төрт жүлдегерге автокөлік, командалық спорт түрінен "алтын" алған екі спортшыға 15 мың АҚШ долларын сыйға тартты. Жеті күміс жүлде иегерлері 10 мың АҚШ долларына алып, үшінші орынға ие болған спортшылар 5 мың АҚШ долларынан сыйақы алды. Сонымен қатар, спортшылардың жаттықтырушылары да ақшалай сыйақыға ие болды. Барлық сыйлық қоры 206 мың АҚШ долларын құрады. Барлық қаржы демеушілердің көмегімен жиналған.

XV Азия ойындарына 38 оңтүстік қазақстандық спортшылар қатысып, 22 медальға ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны