09.12.2016, 22:17 4512

Шымкентте "Клиникалық хирургияныӊ өзекті мәселелері" тақырыбында конференция өтті

"Бүгінгі күні Шымкент Жедел медициналық жәрдем ауруханасы ағзаларды транплантациялау деӊгейіне дейін жетіп отыр. Медициналық қызмет көрсету саласы бойынша біздіӊ облыс Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орында келеді",- деді Шымкент Жедел медициналық жәрдем ауруханасыныӊ бас дәрігері Мәди Биғалиев.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте "Клиникалық хирургияныӊ өзекті мәселелері" тақырыбында конференция өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Ресейлік мамандар шақырылған. Жедел медициналық жәрдем ауруханасыныӊ жұмысы мен еліміздіӊ оӊтүстік өӊірініӊ дәрігерлері жасайтын оталардыӊ сапасы шетелдік білгірлерді таӊдандырды. Шеберлік сабақтарын өткізуге келген мамандар өздерініӊ қазақстандық әріптестерінен алып үйренетін тәжірибелердіӊ де барлығын атап өтті. Сібір округініӊ урология кафедрасыныӊ меӊгерушісі, профессор Александр Гудков Шымкент Жедел медициналық жәрдем ауруханасыныӊ жұмысынан үлкен әсер алғанымен бөлісті. Қызметкерлердіӊ іс-қызметі, пайдаланылатын озық технологиялар мен жергілікті дәрігерлер жасайтын бірегей ота түрлері Ресейлік қонақты шынымен таӊдандырған.

"Біз жаӊа ғана аурухананы аралап шықтық. Меніӊше, бөлімшеніӊ атауын өзгерту қажет. Бұл "урология" бөлімшесі емес, "уронефрология" бөлімшесі деуге болады, өйткені мұнда бүйрек алмастырумен де сәтті айналысады екен",- деді профессор Александр Гудков.

"Бүгінгі күні Шымкент Жедел медициналық жәрдем ауруханасы ағзаларды трансплантациялау деӊгейіне дейін жетіп отыр. Медициналық қызмет көрсету саласы бойынша біздіӊ облыс Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші орында келеді",- деді Шымкент Жедел медициналық жәрдем ауруханасыныӊ бас дәрігері Мәди Биғалиев.

Қазіргі жағдаймен 80-ге жуық бүйрек алмастыру, 8 бауыр алмастыру оталары жасалған. Шеберлік сабақтары шеӊберінде де бірнеше күрделі ота жасалды. Конференция мен шеберлік сабақтары Республика тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орайластырылды.

Жалпы Қазақстанда жедел жәрдем қызметі бір жүйеге көшеді деп күтілуде.

Енді шұғыл жәрдеммен ауруханаға түскен науқастар сағаттап дәрігерді күтіп отырмайды. Бұл үшін әр медициналық мекемеде жедел жәрдеммен жеткізілген азаматты қабылдайтын арнайы бөлім жұмыс істейтін болады. Бұл туралы жедел медициналық көмек көрсету қауымдастығыныӊ мүшелері қатысқан жиында айтылды. Сала мамандарыныӊ мәлімдеуінше, шұғыл медициналық көмекті жүйелеу қажет.

Қазақстанда жедел жердем қызметініӊ сапасын арттыруға қолбайлау болатын тағы бір тұс - бригадалар саны жетіспейді. Мұндай келеӊсіздік, әсіресе, Оӊтүстік Қазақстан облысында көп байқалады. Өйткені милионға жуық халқы бар бір ғана Шымкент қаласында жедел жәрдем стансасында 79 бригада бар, аудандарда төрт-бесеу ғана. Бұл дегеніміз - шалғайдағы ағайынға шұғыл қызмет әлі толығымен жете қойған жоқ.

Ұсыныстар ішіндегі әрбір медициналық мекемеде жедел жәрдем бригадаларымен жеткізілетін науқастар үшін арнайы қабылдау бөлімін ашу жәйі көптіӊ көӊілінен шықты. Сол бөлімде науқастар сағаттап кезекші дәрігерді күтпейді әрі бригада қызметкерлері уақытын үнемдей алады дейді салаға жауаптылар.

Нұржан Отарбаев, республикалық санитарлық авиация орталығыныӊ директоры: "Кейбір облыстарда жедел жәрдемдегі көрсеткіштер төмен. Ирине, бұған көп жағдай себеп. Тозығы жеткен көліктер немесе жолдағы кептелістер және де ауруханадағы кезек күту мәселесі. Біз жедел жәрдем қызметін көрсеткенімізбен, ауруханаларға барғанда сағаттап дәрігерді күтіп қалатынымыз рас. Сондықтан жедел жәрдеммен жеткізілген науқастарды қабылдайтын қосымша бөлім қажет. Қазір осы ұсынымызды үкіметке жолдадық. Бұл мәселені шешу үшін жоспар да құрдық".

Жылдыӊ соӊына дейін бригадалар саны толықса, кешігу көрсеткіші біраз төмендері анық. Сондай-ақ, жедел жәрдем қауымдастығы өз қызметін республикадан тыс шеӊберде де кеӊейтпек. Яғни алыс және жақын шетелдердегі әріптестермен белсенді тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта кездесу барысында Ресей өкілдерімен келісім-шарт түзілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны