07.05.2008, 16:13 3327

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды

Шымкент. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент қалалық әкімшілігі жолушыларды тасымалдау қауымдастығы мүшелерінің қоғамдық көлікте жол жүру ақысын қымбаттату жөніндегі талабының негізді екенін мойындады. Бұл туралы Шымкент әкімінің орынбасары Арман Құмашев хабарлады.

"Жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен басқа да заттардың бағасы күрт қымбаттады. Сол себепті біз тасымалдаушылардың талаптары әділетті деп санаймыз", - деді А. Құмашев.

Икім орынбасарының айтуынша, тарифті көтеру өтініші бекітіледі, бірақ, жанар-жағармай бағасы тұрақтанғанға дейін шамалы күте тұру керек. Қазір жанармай мен дизельдік отынның бағасы әр апта сайын қосылуда.

"Ирине, бұл көктемгі егіс науқанының сұраныстарына байланысты, сондықтан баға тұрақтанғанға дейін шамалы күте тұру керек ", - деді А. Құмашев.

Оның айтуынша, алдын-ала есеп жасалды, автобуспен қатынау құнын 40 немесе 45 теңге көлемінде түпкілікті белгілеу мамырдың аяғына немесе маусымның басына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны