28.07.2008, 15:26 3011

Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етті

Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етті

Шымкент. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етіп бүгін кезекті мәрте қалалық әкімдікке келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз тіпті ақша-қаражатсыз жұмыс істеуден, тиісті жалақыны төлеуді талап етуден шаршадық", -дейді қызметкерлер. Кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінің есептеуінше, жалақы берешегі 186 млн теңгені құрайды.

Бұл мекеменің жұмысшылары жалақы берешегін өтеуді талап етіп бұдан бұрын да әкімдіктің жанында 7-8 мәрте пикет өткізген. Алайда, әкімдіктегілер жалақы берешегі төленеді деп уәде беріп қайтарумен келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны