24.06.2008, 18:04 2654

Шымкентте мұсылмандардың жаңа зиратының пайдалануға берілу мерзімінің ұзаққа созылуы салдарынан жерлейтін орын қалмай бара жатыр - телеарна

Шымкентте мұсылмандардың жаңа зиратының пайдалануға берілу мерзімінің ұзаққа созылуы салдарынан жерлейтін орын қалмай бара жатыр - телеарна

Шымкент. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы мұсылмандардың ескі зираты толып біткен. Ал жаңасы әлі дайын емес. Дәстүрлі қызметтер бюросы жерлейтін орындардың жетіспеуі мүмкін екендігін ескертіп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Отырар телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның хабарлауынша, қазіргі күні мұсылмандардың ескі зиратында жер жетіспеушілігі қатты батуда. Дәстүрлі қызметтер бюросының мәліметтеріне сүйенсек, ары дегенде екі айдан кейін зиратта жерлейтін орын қалмайтын түрі бар. Жағдайды 100 га аумақты қамтыған жаңа зират түзеуі керек болатын. Алайда, ол әлі күнге дейін дайын емес. Оның көп бөлігі қоршалмаған және көркейтілмеген.

Қалалық әкімдік болса 8 млн 500 мың теңгені құраған зиратты жасау тендерін Шымкент фирмаларының бірі жеңіп алғанын айтып отыр. Жобалық-сметалық құжаттамасы сонау 2003 жылы дайын болған құрылысшылар 3 500 метрге қоршау орнатулары тиіс-тін. Ал қазір тек 486 метр жер ғана қоршалған. Биыл құрылысшыларға ақша бөлінбеген. Сондықтан, құрылыс тоқтап қалған. Қаржыландыру мәселесі қашан шешілетіні белгісіз, деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны