31.01.2011, 12:37 6978

Шымкентте өрімдей жастар қылмысқа жиі баратын болған

Шымкент полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 17 жастағы бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 31- қаңтар. Kazakhstan Today - Шымкент полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 17 жастағы бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттгінің хабарлауынша, қала тұрғындарынан біртектес арыздар түсе бастағаннан кейін полицейлер алаяқ қылмыскерді іздеуге кіріседі. "Илгі бойжеткен ересектер үйде болмаған кезде келіп, балаларға өзін "мен коммуналдық қызметтің тексерушісімен", деп таныстырып, олардан түбіртектерді көрсетуді сұрайтын болған. Бала түбіртектерді іздеп жатқан кезде, алтын бұйымдар мен ұялы телефондарды ұрлап кеткен", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Тәртіп сақшылары бойжеткенді қамауға алды. Алаяқтықты кәсіп еткен әлгі бойжеткен не оқымайтын, не жұмыс істемейтін болып шықты. "Алаяқтың Шымкенттің 8 тұрғынын тақырға отырғызып кеткені анықталып отыр. Бірақ тергеушілер тоналғандардың саны одан да көп екендігіне сенімді, адамдардың бәрі полицияға арызданбаған. Біз тұрғындарды қырағы болуға шақырамыз", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Бойжеткеннің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-ші бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды және одан "ешқайда кетпеу туралы" қолхат алынды.

Бұрын хабарлағанымыздай, ОҚО банк тонаған 16 жасар қылмыскер полицейлерден бой тасалап жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны