23.08.2011, 11:11 3030

Шымкентте орын алған төбелес барысында бес адамға оқ тиіп, жарақаттанған

Түнде бытырадан жарақаттанып 18 бен 20 жас аралығындағы бес жас жігіт жедел жәрдем ауруханасына түскен. Қаза тапқандар жоқ. Барлық жәбiрленушiлерге медициналық көмек көрсетілді, дегенмен олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Шымкент. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Шымкентте орын алған төбелес барысында бес адамға оқ тиіп, жарақаттанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, түнде бытырадан жарақаттанып 18 бен 20 жас аралығындағы бес жас жігіт жедел жәрдем ауруханасына түскен. Қаза тапқандар жоқ. Барлық жәбiрленушiлерге медициналық көмек көрсетілді, дегенмен олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Күдікті ұсталып, одан аңшы мылтығы тәркіленді. Оқ атқан жоғары лауазымды полиция қызметкерінің ұлы екендігі белгілі болды. Жанжалдың себептері анықталуда. Алайда зардап шегушілер арызданудан бас тартқандығын алдыға тартқан полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалмайтынын атап өтті.

"Медициналық тұрғыдан жарақаттар қауіпті емес, қылмыстық іс қозғалмайды. Зардап шегушілер арызданудан бас тартты", - деп теларна Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі бастығының сөзінен үзінді келтіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны