16.02.2016, 11:13 3691

Шымкентте полицейлер бірнеше есірткі қылмысын әшкереледі.

Ағымдағы жылдыӊ 12 ақпаны күні, Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-ніӊ кезекші бөліміне учаскелік инспекторлардан хабарлама келіп түскен. Онда, бір топ жас жігіттерді марихуанаға ұқсас есірткі затын қолданып отырғанда қолға түсіргенін мәлімдеген

Шымкент. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 12 ақпаны күні, Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-ніӊ кезекші бөліміне учаскелік инспекторлардан хабарлама келіп түскен. Онда, бір топ жас жігіттерді марихуанаға ұқсас есірткі затын қолданып отырғанда қолға түсіргенін мәлімдеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобыныӊ анықтағаны, қолға түскен төрт жас жігіт 1973,1974, 1980 және 1983 жылдары туылған Шымкент қаласыныӊ тұрғындары. Олар Алтынсарин көшесіндегі дүкендердіӊ бірінде өсімдік текстес есірткі затын шегіп отырған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ 296-бабымен ""Есірткі, психотроптық заттарды, сол текстестерді өткізу мақсатында заӊсыз дайындау, қайта өӊдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал, сол күні ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, есірткі заттарын өткізді деген күдікпен 1977 жылы туылған Шымкент қаласыныӊ тұрғынын құрықтады. Тексеру кезінде полицейлер күдіктіден сіріӊке қорапшасындағы марихуанаға ұқсас өсімдік тектес есірткі затын анықтап, тәркіледі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жалғастырған полицейлер, күдіктініӊ сыбайласын, яғни 1982 жылы туылған Шымкент қаласыныӊ тұрғынын құрықтады. Оныӊ үйінен марихуанаға ұқсас өсімдік текстес есірткі заты салынған 3 сіріӊке қорапшасы және полиэтиленді түйіншек табылды.

Сот-криминалистикалық сараптамасы, табылған заттардыӊ 6 гр. астам салмақты құрайтын марихуана есірткі заты екенін анықтады.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-ніӊ 297-бабымен "Есірткі, психотроптық заттарды, сол текстестерді өткізу мақсатында заӊсыз дайындау, қайта өӊдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны