20.09.2016, 13:41 4116

Шымкентте "Таза қала" байқауыныӊ қорытындысы шықты

Шымкентте "Таза қала" байқауыныӊ қорытындысы шықты. Көптен күткен байқаудыӊ салтанатты марапаттау шарасы қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті

Шымкент. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте "Таза қала" байқауыныӊ қорытындысы шықты. Көптен күткен байқаудыӊ салтанатты марапаттау шарасы қалалық балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктіӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Otyrar.kz сайты хабарлайды.

Байқауды қала әкімдігі ОҚО азаматтық альянсымен бірлесе отырып ұйымдастырған болатын. Биылғы байқауға барлығы 320 нысан - 206 аула және 117 көше қатысуға өтініш берген.

Сонымен, байқаудыӊ нәтижесінде "Үздік аула" аталымы бойынша Абай ауданы аумағында 8-шағынауданныӊ №6 үйініӊ ауласы, Ил-Фараби ауданы аумағында Рашидов көшесініӊ №22 "А" үйдіӊ ауласы, Еӊбекші ауданы аумағында №231 үй және Қаратау ауданы аумағында Нұрсәт шағынауданыныӊ №142 үйініӊ ауласы жеӊімпаз деп танылды.

"Үздік көше" аталымы бойынша Абай ауданы аумағынан Жайлау шағынауданыныӊ Қажымұқан көшесі, Ил-Фараби ауданы аумағынан Забадам шағынауданыныӊ Сералиев көшесі, Еӊбекші ауданы аумағынан Түркістан көшесі үздік шықты.

Аталым жеӊімпаздарын қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Нұртай және "Азаматтық Альянс" қоғамдық қорыныӊ жетекшісі Шәріпбек Жамалбек арнайы марапаттады. Барлық жеӊімпаздарға диплом мен бағалы сый-сияпат табыс етілді. Бұдан бөлек қала тазалығына жауапты "Нұр-Сат" мекемесі қала әкімініӊ алғыс хатына ие болды.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Жылдағы дәстүрге сәйкес, тұрақты түрде өтіп келе жатқан "Таза қала" акциясы Шымкентте биыл да ұйымдастырылады. Конкурстыӊ жалпы жүлде қоры 4 миллион теӊгені құрайды. Бұл жайында Шымкент қаласы әкімініӊ орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы және "ОҚО Азаматтық Альянсы" қауымдастығыныӊ президенті Шәріпбек Жамалбек брифингте мәлім етті.

Қала әкімдігі мен "ОҚО Азаматтық Альянсы" қауымдастығы жариялаған "Таза қала" акциясына қала аумағында орналасқан үйлердіӊ төрайымдары мен көше атынан көше комитетініӊ төрағалары қатыса алады. Биыл "Таза қала" акциясы төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға қатысушылардыӊ өтініштері 20 сәуірге дейін қабылданады. Қаржы қалалық бюджеттен бөлінген.

- Акцияныӊ мақсаты - Шымкент қаласыныӊ тұрғындарын тазалық сақтауға үндеу. Көшелерді, көп қабатты үйлердіӊ аула аумақтарын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайына көӊіл бөлу және абаттандыруға тұрғындарды кеӊінен тарту, И деді қала әкімініӊ орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы. И Акцияныӊ мақсат-міндеттері жөнінде тұрғындарға арнайы парақшалар таратылып, толық мәліметтер берілетін болады. Биылғы акцияныӊ өзіндік бір ерекшелігі сол - үздік деп танылған мектеп оқушылары мен жергілікті полиция қызметкерлері де жекелей номинация бойынша марапатқа ие болмақ. Еӊ бастысы, акция ашық, әрі әділ өтеді.

Ал "ОҚО Азаматтық Альянсы" қауымдастығыныӊ президенті Ш. Жамалбек парақшалар барлық тұрғын үйлерге ілінетінін, онда акцияға қатысты мәліметтер толық қамтылғанын атап өтті. Ол үшін жалпы саны 13 адамнан тұратын арнайы комиссия да құрылған. Жұмысшы топ әр 15 күн сайын сараптама жасап отырмақ.

Акцияныӊ өткізілетін мерзімі - 2016 жылғы 20 сәуір-20 қыркүйек айларыныӊ аралығы. Жеӊімпаздар қазан айыныӊ бірінші онкүндігінде анықталып, қала күніне орай әр ауданнан І, ІІ, ІІІ орын алғандар ақшалай сыйлықтармен және қала әкімініӊ дипломдарымен марапатталады.

Жиынға қатысушылар акцияныӊ мән-маӊызын көпшілік арасында кеӊінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласы тұрғындарына арнап үндеу жариялады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны