29.12.2010, 14:46 4343

Шымкентте үш мүгедекті сатып алмақ болған әйел ұсталды

Шымкентте Мүгедектер үйінен үш мүгедекті сатып алмақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 29 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте Мүгедектер үйінен үш мүгедекті сатып алмақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ОҚО ІІД хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Мүгедектер үйінде мүмкіндігі шектеулі үш азаматты сатып алмақ болған Шымкент қаласының 48 жастағы азаматшасын құрықтаған. Ол әрбір адам үшін 10 мың теңге ұсынған.

"Күдікті әйел полицейлердің назарына осыдан жарты жыл бұрын іліккен болатын. Ол кезде ІІД белгісіз азаматшаның мүгедектерді Шымкент қаласының орталық көшелерінде қайыр-садақа сұраумен айналысуға мәжбүрлеп жүргені туралы ақпарат келіп түскен еді. Бірақ ол кезде біз оның айыбын айғақтай алмадық. Енді міне бүгін осы уақыт ішінде жүргізілген жедел шарлардың нәтижесінде "кәсіпкер" әйелді құрықтауға мүмкіндік туып отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматша қамауға алынып, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 128 бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны