28.05.2007, 14:16 2745

Шымкентте заңсыз жұмыс істеп келген ойын залы анықталды

ШЫМКЕНТ. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Шымкентте жүргізілген рейд барысында салық комитетінің қызметкерлері заңсыз жұмыс істеп келген 12 ойын автоматы орнатылған ойын залын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Салық қызметінің хабарлауынша, ойын залы 11-мамырдан бастап жұмыс істеген, ал ойын бизнесімен арнаулы емес аймақтарда айналысуға салынған тыйым 1-сәуірден бастап күшіне енгені белгілі.

Ойын залының қожайыны заң бұзу себебін өзіне кейбір жағдайлардың әсер еткенімен түсіндіруге тырысқан. Оның айтуынша, бұл автоматтарды ол 6 мың АҚШ доллары көлеміндегі несиеге сатып алған, енді оны ай сайын қайтаруға тиіс. Ал автоматтарды сатып алушы болмауға байланысты сата алмаған.

Салық комитетінің қызметкерлері кассадан 100 мың теңге тәркіледі. Заң бұзушыға қатысты әкімшілік айыппұл жүктеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны