20.02.2008, 16:31 2792

Шымкентте жылу желісінің жарылуынан қаланың үштен екі бөлігі жылусыз қалды

Шымкентте жылу желісінің жарылуынан қаланың үштен екі бөлігі жылусыз қалды

Шымкент. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте дәнекерленген құбырдың жарылуынан 30 % тұтынушыны жылумен қамтамасыз етіп отырған орталықтың жылу желісі жабылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Белгілі болғанындай, жаңа ТЭЦ-3 жылу желісінің корғасын зауыты поселкесіне дейін дәнекерленген құбырлары жарылып, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жылу беру тоқтатылды. Жылу орталығының 30% тұтынушысы жылусыз қалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жөндеу жұмыстары бір күннің ішінде аяқталуы тиіс еді.

Бұған қатысты ешқандай ресми мәліметтер келіп түскен жоқ. "Біз бұған қатысты ештеңені білмей отырмыз, ешқандай мәліметтер де түскен жоқ. Біздің инспектор қазір мән жайды анықтау үшін ТЭЦ-3 кетті ", - деді ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз орталығының жетекшісі Сергей Середа.

Бүгінде Шымкентте ауа райы жылы, сондықтан уақытша жылудың өшірілгені қала тұрғындарының денсаулығына нұқсан келтірмейтін болса керек.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қорғасын зауыты поселкесіне ТЭЦ-3 жаңа жылу желісі биылғы жылдың 11 қаңтарында іске қосылды. Жылу 650 көп қабатты үйлерге жеткізіле бастады. Бұрын олар ескірген ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 жылуды алып отырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны