16.07.2008, 17:01 1716

Шымкентте жолдарды жөндеу бағдарламасы тоқтаудың аз-ақ алдында тұр - телеарна

Шымкентте жолдарды жөндеу бағдарламасы тоқтаудың аз-ақ алдында тұр - телеарна

Шымкент. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте жолдарды жөндеу бағдарламасы қалалық әкімдік тарапынан қаржыландырудың болмауынан тоқтаудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Тележурналистердің хабарлағанындай, биыл Шымкент қаласында 30 көшені жөндеу межеленген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу құқығын тендерде төрт компания жеңіп алған. Олар: "Береке", "Ташьяпи" ЖШС, "Асар" мен "Түркістан жол сервис" компаниялары. Жұмыстар жүріп жатыр. Алайда, бюджеттен қаражат әлі күнге дейін келіп түспеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны