15.09.2016, 10:59 4464

Шымкентте "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 2016 жылы 1522 жаӊа жұмыс орны құрылды

2016 жылдыӊ 8 айында жұмыспен қамту бойынша 16 557 азамат өтініш білдіріп, нақты 12 415 азамат жұмыспен қамтылды.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкентте "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 2016 жылы 1522 жаӊа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды әкімдік.

2015 жылдыӊ 8 айында жұмыспен қамту бойынша 11 523 азамат өтініш білдірсе, нақты 7899 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни 68,5 пайызды құрап отыр. Ал, 2016 жылдыӊ 8 айында жұмыспен қамту бойынша 16 557 азамат өтініш білдіріп, нақты 12 415 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни 75 пайызды құрап отыр.

Өткен жылы "Жұмыспен қамтудыӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында Шымкентте 510 жаӊа жұмыс орындары берілсе, қазірдіӊ өзінде бұл көрсеткіш 1522-ге өсті. Оған еӊбек қабілетіне белсенді және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі 350 адам жұмыспен қамтылып, 424 өтініш жолданды.

Сонымен қатар, Шымкентте 2015 жылы 387 жұмыс орны ашылып, соӊғы 7 айда шағын және орта бизнес жобаларын іске асыру белсенді жүргізілуде. Ал сол кезеӊде бұл 448 жаӊа жұмыс орындарын қамтамасыз етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны