19.10.2016, 12:13 4050

Шымкенттегі көпқабатты үйлер 30 қазанға дейін толығымен жылумен қамтылады

Қала әкімі Ғ.Ибдірахымовтыӊ өкімімен 14 қазаннан бастап қаладағы бюджеттік ұйымдарға қуатты қазандықтардан жылу беріле бастады. Ендігі кезекте қаладағы тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент. 19 қазан. Kazakhstan Today - Шымкентте көпқабатты үйлер 30 қазанға дейін жылумен толығымен қамтылады. Бұл туралы қала әкімініӊ орынбасары Бейсенбек Жанбосынов қысқы жылыту маусымыныӊ жұмыстары туралы БАҚ- қа берген брифингте айтып өтті,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Қала әкімі Ғ.Ибдірахымовтыӊ өкімімен 14 қазаннан бастап қаладағы бюджеттік ұйымдарға қуатты қазандықтардан жылу беріле бастады. Ендігі кезекте қаладағы тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, "Нұрсат", "Спорт" шағын ауданы, "Қатын-көпір", "Тұрлан" елді мекендері және бірқатар ауруханаларда 18 қазаннан бастап жылу жүйесіне қосылады. Жуық арада қаламыздыӊ басқа да аумақтары өз ретімен түгелдей жылумен қамтылатын болады", -деді қала әкімініӊ орынбасары Б.Жанбосынов.

Қазіргі таӊда қаланыӊ "Оӊтүстік" және "Солтүстік" бөлігіндегі магистралдық жылу жүйелері жөндеуден өтіп, бүгінгі дейін, қалада 1872 көпқабатты үй және 360 бюджеттік мекеме қысқы маусымға дайын.

Б.Жанбосынов "KazOilServis" ЖШС мәліметтері бойынша 6,5 шақырым магистралдық желініӊ 6.2 шақырым жөндеу жүргізілді. Қалған жұмыс ағымдағы жылдыӊ 21 қазанына дейін аяқталады. Сонымен қатар, кварталаралық желілерініӊ 37,5 шақырымы ағымдағы жылы ауыстырылды. Мұндай жұмыстар бұрын жүргізілмеген.

Қалада 2278 көп қабатты үйдіӊ 2242-сі, яғни, 98 пайызы орталықтандырылған жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.

Спикердіӊ хабарлауынша, бүгінгі күні облыс бойынша 1510 білім беру мекемесі, 951 денсаулық сақтау мекемесі, 811 әлеуметтік бюджеттік мекемелер жылу беруге дайын және 170,2 мыӊ тонна көмірмен және 90,2 млн литр сұйық отынмен қамтамасыз етілген. Шымкент қаласы бойынша электр қуаттылығы 74 Мегаватты құрайтын "3-ші жылу электр орталығы" АҚ жылу құбырларын сумен толтыра бастады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны