01.12.2016, 13:18 5454

Шымкенттегі мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты жаӊа атаумен жұмыс істеп жатыр

Шымкенттегі Жастардыӊ бос уақытын өткізу орталығы қосымша орын-жайға ие болды.

Шымкент. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкенттегі Жастардыӊ бос уақытын өткізу орталығы қосымша орын-жайға ие болды.

Қалалық білім бөлімі қалалық әкімдіктіӊ бұрынғы ғимаратына көшкеннен кейін бұрынғы мектепаралық оқу-өндірістік комбинатыныӊ аумағы екі есе ұлғайды. Ендігі жерде мұнда 5000-ға тарта оқушы 40 пән бойынша білім алу мүмкіндігіне ие.

Орта және аға буын оқушылары бұл жерде киім тігу және пішудіӊ қыр-сырын игереді. Оқушылар мұнда тек киім тігіп қана қоймай, киім конструкциялауды да үйреніп шығады. Балалар өз қолдарымен лекала қиып, үлгі жасап, киімді түпкілікті тігіп, дайын өнімдер шығарады. Азиза Джамалова киім дизайныныӊ үйірмесіне барып жүргелі бір жарым жылдан асқан. Осы уақыт ішінде қыз өзіне оншақты киім тігіп алған.

Жастардыӊ бос уақытын өткізу орталығында 1 мен 11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары ғылыми және шығармашылық әлеуетін де тегін дамытады. Қалалық бюджеттен әр баланы оқытуға жыл сайын қаражат бөлінеді. Жас дарын иелері аптасына үш рет 40 пән бойынша білім алады. Бұл жерде түрлі тілдерді, нақты ғылымдарды, спорттық үстел үсті ойындарын, ағаш оюды, спорттық жекпе-жектерді және сурет салуды үйренуге болады. Мұндай тегін үйірмелердіӊ бар екеніне балалар ғана емес, ересектер де дән риза.

Директордыӊ оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақытжан Мұстафаев былай дейді: "Қазір Жастардыӊ бос уақытын өткізу орталығында қала бойынша 2600 оқушы машықтануда, тағы да 2000 үйірмеші орталықтыӊ жаӊғыртылған ғимаратына желтоқсан айында көшеді. Аумақтық жеткіліксіздігінен балалар қаладағы 15 мектептіӊ базасында үйірмелерге баратын".

Айта кетейік, Шымкенттегі мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты 1976 жылы құрылған, осыдан 4 жыл бұрын оқу-өндірістік комбинаты Жастардыӊ бос уақытын өткізу орталығы деп аталды. Бірақ дәл 40 жыл бұрынғыдай орталық өзініӊ басты функциясы - қаладағы 1 мен 11 сынып аралығындағы оқушылардыӊ бос уақытын өткізетін тегін үйірмелер ұйымдастыруды атқарып келеді.

Жастардыӊ бос уақытын өткізу орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі,17 үй. Тел: 56-05-90. Үйірмелерге бару үшін небәрі үш түрлі құжат қажет: туу туралы куәліктіӊ көшірмесі, медициналық анықтама және ата-аналарыныӊ өтініші.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны